САЯСАТ
1 ... минут оқылды
"Армения мен Әзербайжан арасындағы келісім мен Түркиямен жақсарған қарым-қатынас аймаққа пайдалы"
Еуропа Кеңесінің төрағасы Антонио Коста Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік келісімі және Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы арқасында аймақтың жаңа жолға түскенін атап өтті.
"Армения мен Әзербайжан арасындағы келісім мен Түркиямен жақсарған қарым-қатынас аймаққа пайдалы"
"Армения мен Әзербайжан арасындағы келісім мен Түркиямен жақсарған қарым-қатынас аймаққа пайдалы" / Reuters

Еуропа Кеңесінің төрағасы Антонио Коста Арменияда басталған Еуропа саяси қоғамдастығының 8-ші саммитінің ашылу отырысында сөз сөйледі. Бүгінгі саммиттің Армения мен Әзербайжан арасында қол жеткізілген келісімнің арқасында өткізіліп отырғанын және оның тарихи маңызы бар екенін атап өткен Коста шиеленіс күшейіп, соғыс өршіп тұрған әлемде бұл келісімнің қуанышты жаңалық екенін айтты.

Коста: «Бұл келісім мен Түркия және Армения арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы арқасында аймақ өзара байланысқан стратегия, стратегиялық секторлар, нарықтар, көлік дәліздері, цифрлық желілер мен энергетикалық байланыстар тұрғысынан трансформациялық жолға түсті», — деді.

Бұл жағдайдың тек тауар, дерек пен адамдардың қозғалысына ғана үлес қосып қоймайтынын айтқан Коста сонымен бірге өзара сенім орнатуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және көршілер арасындағы ынтымақтастық пен ортақ дамуды ынталандыруға мүмкіндік беретінін баса айтты.

Коста Еуропалық Одақтың бұл көзқарастың шындыққа айналуында сенімді серіктес болуға дайын екеніне назар аударып, «Бейбітшілік процесінің кері қайтпайтындай берік болуы және өркендеу мүмкіндіктерінің нығаюын қамтамасыз ету үшін Армениядағы демократияны күшейтумен қатар, сыртқы араласулар мен дезинформацияға қарсы күрес жүргізу өте маңызды», — деген пікір білдірді.

Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді