САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
Солтүстік Америка Әуе-ғарыш қорғанысы қолбасшылығы (NORAD) бұл әрекеттің Даниямен үйлестіру арқылы жүргізілгенін мәлімдеді.
Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
NORAD Гренландияға орналастырудың саяси шиеленіс емес, қолданыстағы қорғаныс жоспарларына сәйкес екенін баса айтты. / Reuters

NORAD АҚШ президенті Дональд Трамптың Данияға қарасты автономды аймақ Гренландияны сатып алу жөніндегі қысымынан туындаған шиеленіс аясында АҚШ әскерінің Гренландиядағы Питуффик ғарыш базасына ұшақтар жібергенін хабарлады.

АҚШ пен Канаданың бірлескен қорғаныс ұйымы саналатын NORAD “X” желісіндегі жазбасында: «Солтүстік Америка Әуе-ғарыш қорғанысы қолбасшылығына тиесілі ұшақтар жақын уақытта Гренландиядағы Питуффик ғарыш базасына жетеді», - деп мәлімдеді.

NORAD бұл әрекеттің АҚШ, Канада және Дания арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа негізделген, ұзақ уақыт бұрын жоспарланған іс-шаралардың бір бөлігі екенін атап өтті.

Қолбасшылық әуе кемелерін жіберу Даниямен үйлестіру арқылы жүзеге асырылғанын және барлық әрекет қажетті дипломатиялық рұқсаттар аясында жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Мәлімдемеде Гренландия билігінің жоспарланған операциялар жөнінде алдын ала хабардар етілгені де көрсетілді.

Ұшақтар Солтүстік Американың қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті әрі шашыраңқы операцияларға қолдау көрсетеді деп хабарланды.

Дания Корольдігіне қарасты автономды аймақ саналатын Гренландия Арктикадағы стратегиялық тұғыры, минералдық ресурстары, сондай-ақ Ресей мен Қытайдың өңірдегі ықпалына қатысты алаңдаушылықтарға байланысты Трамптың назарын аударған болатын.

Дания да, Гренландия да аралды беру жөніндегі ешбір ұсынысты қабылдамай, Данияның арал үстіндегі егемендігін тағы бір мәрте растады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”
Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды