ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Нуман Куртулмуш Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланды
Әділет және даму партиясының Стамбул депутаты Нуман Куртулмуш дауыс берудің үшінші турында айқын басымдықпен жеңіске жетіп, екінші рет мәжіліс спикері болды.
Нуман Куртулмуш Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланды
/ AA

Әділет және даму партиясының (Ак партия) Стамбул депутаты Нуман Куртулмуш үшінші турда 329 дауыс жинап, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланды.

Сейсенбі күні өткен дауыс берудің соңғы кезеңіне 529 депутат қатысты. Куртулмуш 329 дауыс жинап, 301 дауыс межесінен асып түсті.

Оның ең жақын қарсыласы Республикалық халық партиясының Артвин депутаты Угур Байрактутан 118 дауыс жинады.

Басқа кандидаттар арасында Диярбакыр депутаты және «DEM» партиясының мүшесі Осман Дженгиз Чандар 18 дауыс, «İYİ» партиясының Стамбул депутаты Мұстафа Джихан Пачаджы 26, «Yeni Yol» партиясының Самсун депутаты Мехмет Караман 26 дауыс алды. Бір дауыс қалыс қалды, 11 дауыс жарамсыз деп танылды.

Осы нәтижемен Куртулмуш Түркия Ұлы Ұлттық Мәжіліс төрағалығының екінші мерзімін бастады және Мәжілістің заң шығару жұмысын басқаруды жалғастырады.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды