ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияны аймақтық "от шеңберден" тыс ұстау — басты басымдық
НАТО Ираннан Түркияға қарай бағытталған үшінші зымыранның көзін жойғаннан кейін президент Ердоған арандатушылықтарға қатысты ескерту жасады.
Түркияны аймақтық "от шеңберден" тыс ұстау — басты басымдық
Түркияны аймақтық "от шеңберден" тыс ұстау — басты басымдық / AA
 

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған өршіп бара жатқан аймақтық қақтығыстардан Түркияны алшақ ұстау үкіметтің ең маңызды басымдығы екенін айтты және елді соғысқа итермелеуді көздейтін арандатушылықтардан сақтандырды.

Ердоған жұма күні жасаған мәлімдемесінде «Елімізді осы “от шеңбердің” тысында ұстау — біздің ең үлкен басымдығымыз», — деді. Анкараның Түркияны соғысқа тартуға бағытталған жоспарлар, тұзақтар мен арандатушылықтар алдында аса сақтықпен әрекет етіп жатқанын баса айтты.

Бұл мәлімдеме Иранға бағытталған шабуылдар мен Иранның қарымта соққыларынан кейін аймақтық шиеленіс шегіне жеткен тұста жасалды. НАТО Ираннан Түркияға қарай атылған үшінші зымыранды да атып түсірді. Президент Ердоған Түркияның өз аумағын нысанаға алған қатерлерге қарсы қажетті қадамдар басқанын және әуе кеңістігін қорғауды жалғастыратынын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ираннан Түркияның әуе кеңістігіне атылған баллистикалық оқ-дәріні НАТО зарарсыздандырды

Ол Түркияның әуе кеңістігін бұзатын барлық қатерге қарсы тиісті шаралар қабылданғанын, кеше түндегідей шұғыл әрекет етілетінін білдірді.

Мәзһабтық шиеленіс туралы ескерту

Ердоған жалғасып жатқан дағдарыс кезінде мәзһабтық және этникалық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерге қарсы азаматтарды қырағы болуға шақырды. Мұндай шиеленістер Иранға жасалған шабуылдар мен аймақтағы жалпы тұрақсыздық жағдайында әдейі ұйымдастырылуы мүмкін екенін айтты.

«Азаматтарымыз мәзһабтық және этникалық шиеленісті қоздыруға бағытталған талпыныстар алдында абай болуы керек», — деді ол. Президент өзгерген геосаяси орта Түркияның бұдан да жылдам әрі стратегиялық тұрғыдан әрекет етуін талап ететінін де атап өтті.

Адамзаттың ар-ожданы

Ердоған сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың әсіресе Газа мәселесіндегі екіжүзді реакцияларын сынға алды. Кейбір елдердің зұлымдық пен геноцидке көз жұмып отырғанын, ал кейбірінің зорлық-зомбылыққа жауапты тараптарды ашық қолдайтынын айтты.

«Виртуалды әлемнің жасанды ар-ожданының кесірінен жетім қалған палестиналық және сириялық балалардың қайғысы тіпті бір пингвин көрген құрмет пен қызығушылыққа ие болмады», — деді ол. Президент Ердоған ар-ождан дағдарысы болып жатқан әлемде Түркияның адамзаттың ар-ожданы болуы үшін күресетінін де сөзіне қосты.

Іздеу
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады