САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ливия Парламенті Грекияның үндеуін айыптады
Ливия Мәжілісінің төраға орынбасары Грекияның үндеуін «ұлттық егемендікті ашық бұзу» деп айыптады.
Ливия Парламенті Грекияның үндеуін айыптады
Ливия Парламенті Грекияның үндеуін айыптады / AA Archive
9 Желтоқсан 2025

Ливия парламенті Триполи мен Анкара арасында 2019 жылы жасалған теңіз шекаралары жөніндегі келісімнің күшін жоюға шақырған Грекияның үндеуін «ұлттық егемендікті ашық бұзу» деп атап, қатаң айыптады.

Жексенбі күні Афинада ливиялық әріптесі Акиле Салихпен кездесу барысында Грекия Парламентінің төрағасы Никитас Какламанис 2019 жылғы Түркия-Ливия теңіз келісімінің күшін жою қажеттігін айтқан болатын.

Ливия парламенті төрағасының екінші орынбасары Мисбах Оухида: «Грекия шенеуніктері тарапынан жасалған, соңғы рет Грекия Парламенті төрағасына тиесілі деп көрсетілген және Ливияның ішкі істеріне ашық араласуға шақыру сипатындағы мәлімдемелерді таңданыспен әрі өкінішпен бақылап отырмыз»,- деді.

Оның айтуынша, ешбір елдің Ливияға бұл келісімдерді жоюды талап етуге құқығы жоқ, ал Грекия парламенті басшысының сөзі «ұлттық егемендікті ашық бұзу».

Оухида жақсы көрші қағидаттарын және өзара құрметке негізделген екіжақты қатынастарды бағалайтынын айтып, «Ливия – толық егемен мемлекет, өз мүдделерін және оларды қалай қорғайтынын тек өзі анықтайды. Біз Ливияның шешімдеріне араласуды, сондай-ақ шетелдік күштердің оған саяси нұсқау беруін қабылдамаймыз»,- деді.

Аталған келісім Ливия мен Түркия арасындағы теңіз шекараларын айқындайды. Ал Грекия бұл құжатты өзінің айрықша экономикалық аймағына «шабуыл» деп есептейді.

Түркиямен жасалған келісімге қатысты Оухида мемлекет бекіткен халықаралық келісімдердің «халықаралық құқық және нормалармен реттелетін шешімдер екенін атап өтіп, ешбір елдің Ливияға оларды ратификациялау, орындау немесе жою жөнінде қысым көрсетуге құқығы жоқ екенін айтты. Ол Грекияны сабыр сақтауға, Ливияның егемендігіне құрмет көрсетуге және Ливияның ішкі істеріне араласу әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырды.

Іздеу
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды  операция» бастағанын жариялады
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
Израиль  Оңтүстік Ливандағы «Хезболла» нысаналарына соққы берді
Канада Тель-Авивтегі қызметкерлері мен Ирандағы азаматтарын шақырып жатыр
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді
Пәкістан Ауғанстанға қарсы операция жүргізді