ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия кезекті отандық жер серігін сәтті ұшырды
Түркияның “Fergani Space Technologies” компаниясы екінші отандық жер серігі “FGN-100-d2”-ні сәтті ұшырды. Бұл қадам компанияның жер серіктері шоғырын құру жобасындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.
Түркия кезекті отандық жер серігін сәтті ұшырды
“Fergani Space” бұған дейін алғашқы 102 килограммдық “FGN-100-d1” жер серігін АҚШ-тағы “Vandenberg Space Force Base”-тен ұшырған болатын. / AA

Компанияның негізін қалаушы — “Baykar” компаниясының директорлар кеңесі төрағасы әрі технологиялық жетекшісі Селчук Байрактар.

“FGN-100-d2” серігі сенбі күні АҚШ-тағы “Cape Canaveral SLC-40” ғарыш айлағынан “SpaceX”-тің “Bandwagon-4” миссиясы аясында ұшырылды. 104 килограммдық бұл аппарат — Түркияның жеке сектор күшімен жасалған ең ірі жер серігі.

Ұшырудан 74 минут өткен соң серік тасығыш ракетадан бөлініп, нысаналы орбитаға сәтті орналасты және алғашқы телеметриялық деректерін жіберіп, ресми түрде жұмысын бастады.

Фергани тобы мен Селчук Байрактар ұшыруды Стамбулдағы Өздемир Байрактар Ұлттық Технология Орталығындағы Ғарышты бақылау және басқару орталығынан тікелей бақылап отырды.

“Fergani” бұған дейін алғашқы серігі “FGN-100-d1”-ді 2025 жылғы 14 қаңтарда “SpaceX”-тің “Transporter-12” миссиясы арқылы орбитаға шығарған болатын.

Байрактардың айтуынша, “FGN-100-d2”-нің сәтті ұшырылуы Түркияда толықтай ұлттық инженерлік күшпен жасалып жатқан “Uluğ Bey Global Positioning System” жүйесін дамыту жолындағы маңызды кезең.

2022 жылы құрылған “Fergani Uzay” бүгінде 135 инженер мен техникті жұмысқа тартқан. Компания серіктердің жобалау, жүйелік және бағдарламалық процестерін өз күшімен атқарады. Серіктердің қызмет ету мерзімі 5–7 жыл деп бағаланады.

Байрактар: “Мақсатымыз — алдағы 5 жылда 100-ден астам серікті орбитаға шығарып, Түркия мен бауырлас аймақтарға тәуелсіз “Uluğ Bey Global Positioning System” навигация жүйесін іске қосу.”- деді.

Қазір компания жерсерік тасымалдау аппараты мен фирмалық ұшыру зымыранын да әзірлеуде.

Жерден шамамен 510 км биіктікте, төменгі орбитада орналасқан “FGN-100-d2” секундына 7,6 км жылдамдықпен қозғалып, Жерді тәулігіне шамамен 15 рет айналып өтеді.

Серікте қолданылған барлық авионика жүйелері, бағдарламалық интеграция, “жасыл” қозғалтқыш технологиясы, құрылымдық жобалау және сынақтар толықтай “Fergani” инженерлерінің өз еңбегімен, Түркияның ұлттық ресурстары негізінде жасалған.

“FGN-100-d2” орбитада операциялық тұрақтылық, телеметрия және телекоманда байланысы, навигациялық дәлдік және дерек беру қабілеттерін сынақтан өткізеді.

Іздеу
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
Түркияда 580 жағажай «Көк жалау» алуға лайық деп танылды
Түркияның тежеуші күшінде тарихи қадам
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті