ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Электрондық хаттардың тақырыбында «Сені өлім күтіп тұр» деген сөз жазылғаны және хабарламалардың бірдей мәтіннен тұратыны атап өтілді.
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді / dpa
 

Германия бойынша шамамен 450 мектепке электрондық пошта арқылы бомба қою қаупі туралы қоқан-лоқы жасалғаны хабарланды.

Полиция таратқан мәлімдемелерде бүгін таңертең көптеген мектепке жарылғыш зат туралы ескерту жазылған электрондық хаттар келіп түскені айтылды.

Фрайбург полициясы хабарламалардың полицияның жедел шақыру желісіне де түскенін мәлімдеп, қолда бар мәліметтер бойынша ел көлемінде 450-ден астам мектеп осындай қоқан-лоқы хаттарының нысанасына айналғанын атап өтті.

Аталған электрондық хаттардың тақырыбында «Сені өлім күтіп тұр» деген тіркес жазылғаны және барлық хабарламаның мәтіні бірдей екені баса айтылды.

Тюрингия федералды жерінің полициясы да оқиғаға байланысты қылмыс жасау қаупімен қоғамдық тәртіпті бұзу күдігі аясында тергеу басталғанын жариялап, мектептерге қазіргі жағдайда оқушыларды эвакуациялау туралы шешім қабылдамауға кеңес берді.

Соған қарамастан кейбір мектептерде оқушылар сақтық шарасы ретінде үйлеріне қайтарылып, аталған білім ошақтарына полиция жасақтары жіберілгені хабарланды.

Төменгі Саксония федералды жерінде де көптеген мектепке қатысты бомба қаупі туралы хабарлама түскені белгілі болды.

Ресми өкілдер қоқан-лоқы хаттарының қайдан жіберілгенін анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын, ал мектептер осындай қауіп-қатерге тап болған жағдайда полициямен байланысып, ресми шағым түсіруі қажеттігін мәлімдеді.

Бір апта бұрын Италияда да мыңдаған мектепке бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсуіне байланысты көптеген оқу орны эвакуацияланған болатын.

Іздеу
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды