ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Израиль әскері дүйсенбі күнінен бері Ливан аумағына бірқатар әуе соққысын жасады. Бұл шабуыл салдарынан 120-дан астам адам қаза тауып, шамамен 700 адам жараланды.
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді / AFP

Израиль әскері Бейруттың оңтүстігіне жаңа әуе соққыларын жасағанын мәлімдеді. Бұған дейін Израиль аймақты эвакуациялау туралы ескерту жасаған.

Израильдің әскери ұшақтары осы уақытқа дейін кемінде бес әуе соққысын жасап, Әл-Жамус пен Әс-Сахель ауруханасының маңындағы Харет Хрейк аудандарын нысанаға алған. Бұл туралы Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі «NNA» хабарлады.

Израиль әскері бейсенбі күні жаңа әуе соққылары алдында Бейруттың оңтүстігіндегі тұрғындарға үйлерін дереу босатуды бұйырған.

Израиль армиясының өкілі Авихай Адраи әсіресе Бурж әл-Баражне мен Хадас аудандарының тұрғындарын Бейрут-Дамаск жолы арқылы шығысқа, Ливан таулары бағытына кетуді бұйырды.

Ал Харет Хрейк пен Шиях тұрғындарына Бейрут–Триполи тасжолы арқылы солтүстікке, Триполи бағытына, немесе Метн тасжолы арқылы шығысқа, Ливан таулары бағытына қозғалу туралы нұсқау берілді.

Қақтығыс ушықты

Израиль әскері дүйсенбіден бері Ливан аумағында бірқатар әуе соққысын жасады. Хезболланың шекарадан тыс шабуылдарынан кейін жүргізілген бұл операцияларда 120-дан астам адам қаза тауып, шамамен 700 адам жараланды.

Қақтығыстың ушығуы Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылынан кейін болды. Сенбі күнінен бері бұл шабуылдарда 900-ден астам адам қаза тапты, олардың арасында Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменей мен жоғары лауазымды әскери тұлғалар да бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Иран бұған жауап ретінде Израильге, сондай-ақ АҚШ-тың әскери нысандары орналасқан Парсы шығанағы елдеріне  дрондар мен зымырандар арқылы соққы берді.

Израиль 2024 жылдың қарашасында Ливанмен жасалған атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды. Бұл соққылар жүздеген адамның қаза табуына және жаралануына әкелді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді

 

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді