САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты премьер-министрдің импичментін қабылдамады
Саяси бөлінулерге қарамастан, Ханның көшбасшылығы партиялық айырмашылықтарды жоюшы көпір ретінде қарастырылып еді. Оның қызметіне қайта оралуы ағымдағы саяси дағдарыс жағдайында маңызды оқиға болып саналады.
Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты премьер-министрдің импичментін қабылдамады
/ AP
24 Наурыз 2025

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты дүйсенбі күні премьер-министр Хан Док Судың импичментін ұабылдамай,  өкілеттілігін қалпына келтірді. Бұл шешім екі айдан астам уақытқа созылған саяси дағдарыс ішінде маңызды кезең болды.

Хан өткен жылы қысқа мерзімді әскери жағдай жариялаған президент Юн Сок Ёль қызметінен кетуінен кейін уақытша басқаруды өз қолына алған еді.

Алайда Хан бұл лауазымда тек екі апта ғана жұмыс істей алды. 27 желтоқсанда Конституциялық сотқа үш жаңа судья тағайындауды қабылдамау себебінен оппозициялық көпшіліктен тұратын  парламентпен қақтығысқа түсіп, қызметінен алынған еді.

Конституциялық соттың судьялары жетіде бір дауыс санымен оның импичментін қабылдамады.

75 жастағы Хан 30 жылдан астам уақыт бойы бес түрлі президенттің тұсында, консервативті және либералды басқарулардың ішінде жоғары лауазымдарда жұмыс істеген.

Саясатта жікшілдік анық байқалатын Оңтүстік Кореяда Хан партия шекараларынан асатын сирек тұлғалардың бірі ретінде қарастырылды.

Алайда оппозиция Ханды президент Юнның әскери жағдай жариялауын болдырмау үшін жеткілікті күш-жігер жұмсамаған деп айыптады. Хан бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Бұл процесте Қаржы министрі Чой Санг Мок Юн мен Ханға қатысты істер Конституциялық сотта қаралып жатқан кезде уақытша президенттік қызметті өз қолына алды.

Күтпеген әскери жағдай шешімі

Парламент Ханды әскери жағдайдағы рөлі, Конституциялық сотқа жаңа судьялар тағайындауды қабылдамауы және президент Юн мен бірінші ханым Ким Кон Хиды нысанаға алған арнайы прокурорлар туралы заңды қолдамауы себептерімен қызметінен алды.

Хан 19 ақпанда өткен бір ғана тыңдауға қатысып, әскери жағдаймен ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, соттан қызметінен кету ісін тоқтатуды сұрады.

Президент Юн 3 желтоқсанда күтпеген жерден әскери жағдай жариялағаннан кейін пайда болған саяси дағдарыс Азияның төртінші ірі экономикасында үлкен толқу тудырды. Бұл жағдай Юнды Қытай мен Солтүстік Кореяға қарсы маңызды одақтас ретінде қабылдайтын АҚШ секілді елдерді де алаңдатты.

Нәтижесінде әскери жағдай тек алты сағатқа созылды. Парламент мүшелері қауіпсіздік күштері парламентті жабуға әрекеттенсе де, қоршауды бұзып ғимаратқа кіріп, әскери жағдайды қабылдамауға дауыс берді.

Іздеу
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Колумбия президенті Латын Америкасын бірлікке шақырды
Дональд Трамп Иранға ескерту жасады
Иран көршілерінің аумағы өзіне шабуыл жасау үшін пайдаланылса, «дұшпан» деп санайтынын мәлімдеді
Си Цзиньпин Финляндия премьер-министрімен кездесті
Лула Трампты Палестинаны «Бейбітшілік кеңесі» бастамасына қосу мәселесін қарастыруға шақырды
Трамп Иранның «сөйлескісі келетінін» айтты
АҚШ-пен Гренландия мәселесі бойынша келіссөздер жақын арада басталады
Трамп Канада премьер-министрін «Бейбітшілік кеңесіне» шақырудан бас тартты
Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратты
АҚШ, Украина және Ресей БАӘ-де кездеседі
Трамп Гренландияға қатысты мәлімдемелерінен бас тартты
Трамп әкімшілігі Мэн штатында мигранттарға қарсы рейд бастады
АҚШ ДАИШ тұтқындарын Сириядан Иракқа көшіруде
Трамптың Гренландия жоспары қандай?
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
Ирандағы шерулерде  қаза тапқандар саны 4 000-нан асты
Трамп Гренландияда Ресей қаупіне қарсы тұруға уәде берді