ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Индонезияға 48 отандық «KAAN» жойғыш ұшағын экспорттайды
Түркия президенті Түркия қорғаныс өнеркәсібі агенттігі мен Түрік аэроғарыш өнеркәсібін рекордтық экспорт келісімімен құттықтады.
Түркия Индонезияға 48 отандық «KAAN» жойғыш ұшағын экспорттайды
/ AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі маңызды кезеңді атап өтіп, Түркияда өндірілген 48 «KAAN» жойғыш ұшағының Индонезияға экспортталатынын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні «X» платформасында жариялаған мәлімдемеде Ердоған бұл өте маңызды және қуантатын жетістік» деп сипаттап, ұшақтардың келісім бойынша Түркияда шығарылатынын атап өтті. Сонымен қатар келісім индонезиялық мамандарды өндіріс процесіне тартуды қамтиды.

«Ұлттық қорғаныс өнеркәсібіміздің дамуы мен қазіргі мүмкіндіктерін көрсететін бұл келісім Түркия үшін де, Индонезия үшін де пайдалы болады деп үміттенемін», - деді Ердоған.

«Рекордтық экспорт келісімі»

Ердоған келісімнің жүзеге асуында маңызды рөл атқарған Индонезия президенті Прабово Субиантоға ризашылығын білдірді.

Президент Түркия тарихындағы «рекордтық экспорт келісімін» жүзеге асырғаны үшін Қорғаныс өнеркәсібі мен Түрік аэроғарыш өнеркәсібін және осы процеске қатысқан барлық мекемелерді құттықтады.

Үкіметтің осы секторға қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өткен Ердоған «Қорғаныс өнеркәсібіміздің бұдан да күшейе түсуі үшін барлық компанияларымызға табандылықпен қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Осы салада жұмыс істейтін барлық бауырыма шын жүректен алғыс айтамын», - деді.

Бесінші буынға жататын «KAAN» жойғыш ұшағы радардан қашатын мүмкіндіктерге ие және әрқайсысы 13 000 килограмм күш беретін қос қозғалтқышпен жұмыс істейді. Осы мүмкіндіктердің арқасында ұшақ 1,8 Mach жылдамдығына жете алады.

Сонымен қатар Түрік аэроғарыш өнеркәсібі жасанды интеллект, жетілдірілген сенсорлық жүйелер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеу қабілетін біріктіретін алтыншы буын моделін жасауда.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді