ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Испаниядан Газаға көмек: әскери кеме жіберілді
Италия қажет болған жағдайда гуманитарлық көмек көрсету үшін «Global Sumud» флотына фрегат пен кеме жібергеннен кейін Мадрид те Газаға осындай көмек көрсетпек.
Испаниядан Газаға көмек: әскери кеме жіберілді
Санчес: "Картахенадан флотқа көмектесу және құтқару жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда ертең теңіз операциялық кемесі шығады" / AP

“El País” газетінің хабарлауынша, Испания Премьер-министрі Педро Санчес Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде Испанияның Газаға гуманитарлық көмек жеткізетін «Global Sumud» флотын қолдау мақсатында әскери кеме жіберетінін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Санчес: «Барлық қажетті ресурспен жабдықталған теңіз операциялық кемесі ертең Картахенадан шығып, флотқа қолдау көрсетеді және қажет болған жағдайда құтқару операцияларын жүзеге асырады», – деді.

Мадрид бұл қадамды Риммен үйлестіріп жасады. Бұған дейін Италия үкіметі өз азаматтарына қолдау көрсету және ықтимал көмек операцияларын жүргізу үшін “Fasan” фрегатын жібергенін хабарлаған болатын.

Испания Қорғаныс министрлігі италиялық әріптесімен кең ауқымды ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру үшін байланысқа шықты. Бұл ынтымақтастыққа Ирландия сияқты басқа елдердің де қосылуы мүмкін екені айтылды.

Ресми тұлғалар Еуропа кемелерінің миссиясы ықтимал Израиль шабуылдарына қарсы қақтығыс бастау емес, қажет болған жағдайда гуманитарлық көмек көрсету екенін ерекше атап өтті.

Испания Әскери-теңіз күштеріне тиесілі кеме халықаралық су айдынында қызмет атқарады.

Блокаданы бұзу

Осы айдың басында шамамен 50 кемеден тұратын «Global Sumud» флоты Израильдің блокадасын бұзып, әсіресе медициналық жабдықтар сияқты гуманитарлық көмекті Газаға жеткізу мақсатымен қозғалған болатын. Газада 2,4 миллион палестиналық 18 жыл бойы блокада жағдайында өмір сүріп келеді.

Миссия ұйымдастырушылары бұған дейін халықаралық су айдынында жүзген тоғыз кемеге 12 жарылыс тигенін және флоттың бірнеше рет ұшқышсыз әуе аппараттары тарапынан нысанаға алынғанын хабарлады.

Топ бұл шабуылдардың кімнің жауапкершілігінде екенін нақтыламады, ал флоттың Газаға жетуіне кедергі келтіруге дайын болатынын мәлімдеген Израиль бұл туралы түсініктеме берген жоқ.

Миссия адам құқықтары топтары мен БҰҰ өкілдерінің Газадағы гуманитарлық дағдарысқа назар аударуымен халықаралық назарға ие болды.

БҰҰ зерттеушілері Израильдің Газада геноцид жасағаны туралы қорытындыға келген. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылдың қазан айынан бері 65 000-нан астам палестиналық қаза тапқан.

Халықаралық белсенділер бастамасымен құрылған «Global Sumud» флотына гуманитарлық қызметкерлер мен белсенділер кіреді. Олар тәуекелдерге қарамастан миссиясын жалғастыруға ниетті екендерін айтады.

Активисттер мақсаттарының Израиль блокадасының туғызған зардаптарын көрсету және шұғыл көмек заттарын өңірге жеткізу екенін білдірді.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды