ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Италия Газа көмек флотын қолдау үшін фрегат жібереді
Италияның Қорғаныс министрі Гуидо Крозетто Газаға көмек жеткізуге тырысқан халықаралық флотилияға жасалған шабуылды қатаң айыптады.
Италия Газа көмек флотын қолдау үшін фрегат жібереді
Италияның сыртқы істер министрі Израильден итальян азаматтарының, парламент мүшелерінің және Еуропа парламентінің мүшелерінің палестиналық белсенділер арасындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрағанын айтты. (Сурет: АҚШ Әскери-теңіз күштері) / Others

Италияның Қорғаныс министрі Гуидо Крозетто сәрсенбі күні Газаға бағыт алған флотилияға қолдау көрсету мақсатында Италия Әскери-теңіз күштеріне тиесілі бір фрегатты аймаққа жіберді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, флотилияға тиесілі бірнеше қайықты Грекия жағалауында көптеген дрон нысанаға алған.

Крозетто: «Флотилиядағы Италия азаматтарына көмек көрсету үшін Премьер-министрмен сөйлестім және Италия Әскери-теңіз күштерінің көп мақсатты “Fasan” фрегатының дереу араласуына рұқсат бердім. Бұл кеме қауіпсіз теңіз операциясы аясында Криттің солтүстігінде жүзіп жүрген болатын», - деді.

Министр сөзін жалғастырып, «Кеме құтқару операциялары үшін аймаққа қарай жолға шықты», - деп қосты.

Крозетто флотилияға белгісіз адамдар тарапынан жасалған дрон шабуылын қатаң түрде айыптайтынын мәлімдеді.

Ал Италияның Сыртқы істер министрі Антонио Таяни Израильден Италия азаматтарының, парламент депутаттарының және Еуропа Парламенті мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Министрлік Израиль күштеріне сеніп тапсырылған кез келген операция халықаралық құқыққа және  сақтық қағидатына сәйкес жүргізілуі тиіс екенін Израильге алдын ала ескерткенін мәлімдеді.

Мүлтіксіз қорғау

Министр Таяни Италияның Тель-Авивтегі Елшілігінен ақпарат алуды сұрап, Израиль үкіметіне кемедегі экипаждың толықтай қорғалуына кепілдік беру талабын қайта жеткізуді тапсырғанын айтты.

Жаһандық «Sumud» флотилиясы сейсенбі  түні Грекия жағалауында жүзіп келе жатқанда оннан аса жарылыс естілгенін және белгісіз заттар құлап, палубаға зақым келгенін хабарлады.

«Sumud» флотилиясы осы айдың басында Барселонадан жолға шығып, Израильдің Газаға жасаған блокадасын бұзуды және аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуді мақсат еткен болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Грекия портынан шыққан кемелер "Sumud" флотына қосылды

Қазіргі уақытта флотилия 51 кемеден тұрады, олардың басым бөлігі Крит аралының жағалауында.

Флотқа қосылуды күткен кемелер Тунисте екі күдікті дрон шабуылына ұшыраған болатын.

Маусым және шілде айларында белсенділердің теңіз арқылы Газаға жету әрекеттерін тоқтатқан Израиль дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, флотилияның Палестинаға жетуіне рұқсат бермейтінін атап өтті.

 

 

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті