ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Кореяда бұрынғы премьер-министр 23 жылға сотталды
Сот шешімі бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің кабинетіндегі бір мүшенің сәтсіз әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты алғаш рет сотталғанын білдіреді.
Оңтүстік Кореяда бұрынғы премьер-министр 23 жылға сотталды
Халық теледидардан Оңтүстік Кореяның Сеул Орталық аудандық сотының бұрынғы премьер-министр Хан Доксуға тағылған айыптар бойынша сот шешімін естуде.. / Reuters
 

Оңтүстік Кореяда сот қызметінен босатылған президент Юн Сок Ёльдің тұсында сәтсіз аяқталған әскери жағдай жариялау әрекетіне қатысқаны үшін бұрынғы премьер-министр Хан Док Суны 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

“Yonhap News” агенттігінің хабарлауынша, Сеулдің Орталық аудандық соты сәрсенбі күні шығарған үкімінде 2024 жылы 3 желтоқсанда жарияланған әскери жағдайдың бүлік (көтеріліс) сипатына ие болғанын растаған алғашқы сот шешімін жариялады.

76 жастағы Хан Юн Сок Ёльдің президенттігі кезінде Оңтүстік Кореяның премьер-министрі қызметін атқарған. Юн өткен жылы әскери жағдай енгізуге әрекет жасағаны үшін қызметінен алынған болатын.

Бұл шешім Юнның кабинетіндегі бір мүшенің аталған әскери жағдай әрекетіне байланысты алғаш рет сотталғанын көрсетеді.

Өткен аптада Юнның өзі де өткен жылы оны қамауға алмақ болған тергеушілердің жұмысына кедергі келтірді деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Әскери жағдай ісін тергеп жатқан арнайы прокурор бүлік айыбы аясында Юнға қатысты өлім жазасын талап етті. Сот шешімі 19 ақпанда жарияланбақ.

Іздеу
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді