ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сирияның солтүстік-батысында су тасқыны болды
Сирияның солтүстік-батысында қатты нөсер салдарынан туындаған  су тасқыны кемінде үш адамның қаза табуына және жүздеген отбасының баспанасыз қалуына себеп болды.
Сирияның солтүстік-батысында су тасқыны болды
Сирияның солтүстік-батысында су тасқыны болды / AA

Билік өкілдері Латакия аймағындағы Түрікмен тауларының Әл-Ассалия және Айн Иса өңірлерінде екі баланың селге ағып кетіп, қаза тапқанын хабарлады. Сондай-ақ «Alekhbariah» телеарнасы хабарлағандай нөсер жаңбырдан кейінгі тасқын жүздеген отбасының қоныс аударуына әкелді.

Төтенше жағдайлар және апаттарды басқару министрлігі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде сенбі таңынан жексенбі түніне дейін көптеген өңірде су тасқыны болғанын, тұрғын үйлер мен Идлибтің батысына қоныс аударған босқындар тұратын 22 лагерьге зиян келгенін мәлімдеді.

Латакия ауылдық аймағындағы Түрікмен тауының Әл-Ассалия және Айн Иса өңірлеріндегі тау аңғарында екі бала селге ағып кетіп, қаза тапты.
Түрікмен тауларындағы тасқыннан зардап шеккендерге көмекке бара жатқан Сирия Араб Қызыл Жарты ай ұйымының еріктісі жол апатынан қаза тауып, алты адам жарақат алды. Араларында Қызыл Жарты ай ұйымының еріктісі бар.

Министрлік Латакиядағы Шейх Хасан ауылында 30 үйдің, ал Идлиб уәлаятында 47 үйдің су астында қалғанын хабарлады. Халық мектептерге орналастырылды.

650-ден астам отбасының үйі толық қирап, 1300-ден астам отбасының үйі жартылай бүлінді. Идлиб уәлаятындағы 22 босқын лагері су тасқынынан зардап шекті.

Идлибтің батысындағы Харбат әл-Джауз аймағында орналасқан Айн әл-Байда ауруханасы су астында қалып, науқастар, медицина қызметкерлері және жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар эвакуацияланды.

Билік өкілдері Идлибтің батысындағы мектептерге босқындарды орналастыру үшін жеті уақытша баспана құрылғанын хабарлады. Эр-Рахма мектебінде 80 отбасыға, ал Әл-Ансарда 5 отбасыға шұғыл гуманитарлық көмек таратылып, зардап шеккендерге жедел медициналық қызмет көрсетілген.

Іздеу
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Түркия Сириядағы шабуылды айыптады
Дамаскіде жарылыс болды
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды»
Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Пәкістанда нөсер жауын салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам жараланды
АҚШ тікұшағы Араб теңізіне шұғыл қонды