САЯСАТ
2 ... минут оқылды
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Анкарада ұйымдастырылған 36-шы НАТО Мемлекет және үкімет басшыларының саммиті трансатлантикалық қорғаныс өндірісі мен оған қатысты инвестициялар алдыңғы шепке шығатын Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды.
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
НАТО Анкара саммиті_Қорғаныс өнеркәсібі форумы (Reuters)

Түркияның ұйымдастыруымен өтетін 36-шы НАТО Мемлекет және үкімет басшылары саммитінің дайындық жұмыстары аяқталды.

Саммит аясында НАТО-ға мүше 32 елдің мемлекет және үкімет басшылары, мыңдаған дипломат, журналистер мен қонақтар қабылданады. Бағдарламалардың бір бөлігі «ATO Congresium» конгресс орталығында өтеді.

НАТО мемлекет және үкімет басшылары 8 шілде күні Президенттік кешенде бас қосады.

Қорғаныс өнеркәсібі форумы алғаш рет Түркияда ресми бағдарлама аясында өткізілуде

Президенттік кешенде бүгін НАТО-ның қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Соңғы 3-4 жылда НАТО-ның қосымша іс-шарасы ретінде жоспарланып келген Қорғаныс өнеркәсібі форумы алғаш рет Түркияда саммиттің ресми бағдарламасына еніп отыр.

НАТО жариялаған бағдарламаға сәйкес, маңызды мәлімдеме жасалатын Форумда Президенттің орынбасары Джевдет Йылмаз, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер және НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Қорғаныс өнеркәсібіне қатысты түрлі отырыстар ұйымдастырылатын Форум аясында Рютте мен Украина президенті Владимир Зеленский де мәлімдеме жасайды.

НАТО Бас хатшысы Рютте қорғаныс өнеркәсібі өндірісін арттыру мәселесі Форумның ең маңызды тақырыптарының бірі болатынын атап өткен еді.

Анкара әлем көшбасшыларын қабылдауда

Президент Режеп Тайып Ердоған 36-шы НАТО Мемлекет және үкімет басшыларының саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамп, Франция президенті Эммануэль Mакрон, Финляндия президенті Александр Стубб, Словакия президенті Петер Пеллегрини, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Канада премьер-министрі Марк Карни, Албания премьер-министрі Эди Рама, Болгария Премьер-министрі Румен Радев, Черногория премьер-министрі Милойко Спаич және НАТО Бас хатшысы Рюттемен қатар Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта сияқты жетекшілермен екіжақты кездесулер өткізеді.

Саммит шеңберінде сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлері де жұмыс түскі асында бас қосады.

2004 жылы Стамбулдағы НАТО саммитінде негізі қаланған және құрамында Катар, Бахрейн, Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері бар «Стамбул ынтымақтастық бастамасы» аясында сыртқы істер министрлері деңгейінде арнайы отырыс ұйымдастырылып, НАТО-Стамбул ынтымақтастық бастамасы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.

Саммитте трансатлантикалық қарым-қатынастарда соңғы уақытта артқан шиеленістерге қарамастан, одақтастардың бірлік пен ынтымақтастық туралы мәлімдеме жасауы басты үміттердің бірі болып табылады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері НАТО саммитінде таныстырылады

Негізгі күн тәртібінде Еуропаның конвенциялық (дәстүрлі) қорғаныста көшбасшылықты қолға алуын және АҚШ-тың Еуропадағы әскери болмысын қайта қарауды көздейтін «НАТО 3.0» тұжырымдамасын қалыптастыру мәселесі тұр.

Украинаны қолдаудың болашағы да талқыланатын саммитте одақтастардың қорғаныс шығындары мен қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін арттыру бойынша міндеттемелер алуы күтілуде.

НАТО Анкара саммиті халықаралық баспасөз өкілдері ең көп қатысатын НАТО саммиті ретінде тарихқа енбек.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды