ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия–Сирия транзит дәлізі келесі жылы ашылады
Түркия Сауда министрі "Жаңа дәліз түрік жүк көліктерінің Иордания мен Парсы шығанағы елдерінежетуіне мүмкіндік береді"деді.
Түркия–Сирия транзит дәлізі келесі жылы ашылады
Түркия–Сирия транзит дәлізі келесі жылы ашылады / AA

Түркия–Сирия транзиттік дәлізі келесі жылы толық іске қосылғанда, түрік жүк көліктері Иордания мен Парсы шығанағы елдеріне автожол арқылы жете алады. Бұл туралы Түркия Сауда министрі мәлімдеді.

Министр Өмер Болаттың айтуынша, түрік жүк көліктері маусым айында қол қойылған келісімнен кейін Сирия арқылы Иордания мен Парсы шығанағына бара алады. Бірақ Сириядағы кедендік ережелер, жолдарды қалпына келтіру және виза мәселелері шешілуі керек.

Ол Түркия мен Сирияның көлік министрлері арасындағы маршрутқа қол қою Иорданияда үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті. “Бұл жол Түркиядан Сирия мен Иордания арқылы Еуропаға дейін созылатындықтан, сауда мен тасымалдауда маңызды рөл атқарады,” – деді ол.

“Біз бұл аймақтарды жол және теміржолдармен қайта жандандыра салысымен сауда мен әл-ауқат тез артады,” – деп қосты ол.

Сонымен қатар министр Болат Түркия мен Иорданияның екі елдің үйлестіруімен Хижаз теміржолын жөндеп, жаңартқысы келетінін мәлімдеді. Ол бұл жүк және жолаушылар тасымалын арттыратынын атап өтіп, “Тарихи Хижаз теміржолы қайта іске қосылады деп үміттенеміз,” – деді

Ол Түркия–Иордания Бірлескен экономикалық комиссиясының алғашқы отырысы сәрсенбі күні аяқталғанын және екі тарап сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, туризм, мәдениет және басқа салаларда бірлесіп атқаратын жұмыстарды қамтитын меморандумға қол қойғанын айтты.

“Бүгін қол қойған келісіміміз болашақта жасалатын келісімдер, іс-шаралар мен бағдарламалар үшін жол картасын қағаз бетіне түсірді,” – деді ол.

“2024 жылы Түркия мен Иордания арасындағы өзара сауда 1,1 миллиард долларға жетті, ал биылғы жылы 1,4 миллиард доллардан асты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,6 миллиард доллардан асады деп үміттенеміз,” – деп министр.

Министр Болат түрік кәсіпкерлері мен мердігерлерін келесі жылы Иорданияда басталатын 15 миллиард долларлық инфрақұрылымдық даму жобаларына қатысуға шақырды. Бұл жобаларға ірі су жобасы мен теміржол құрылысы кіреді.

“Қазіргі уақытқа дейін түрік мердігерлері 2,3 миллиард долларға тең 60 жобаны аяқтады,” – деді ол. Министр “Біздің саудамыз артқан сайын, инвестицияларымыз да өсуде.” деді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды