МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Түркияда 16 500 жылдық тасбақа мүсіншелері табылды
Археологтар Түркияның солтүстік-батысындағы қазба орнынан жасы 16 500 жылға дейін жетуі мүмкін деп есептелетін 25-ке жуық тасбақа мүсіншесін тапты.
Түркияда 16 500 жылдық тасбақа мүсіншелері табылды
Биледжиктегі үңгірден табылған, мыңдаған жылдық тарихы бар тасбақа мүсіншелерінің бірі. / Anadolu Agency

Мүсіншелер Билежик провинциясының Инхисар ауданындағы Гедиккая төбесі мен Ин үңгірі археологиялық қазба орнынан табылды. Зерттеушілер тарихқа дейінгі қауымдар бұл үңгірді ғұрыптық рәсімдер үшін пайдаланған болуы мүмкін деп есептейді.

Әктастан жасалған мүсіншелердің кейбірі балшықпен қапталған. Олардың ең үлкенінің ұзындығы шамамен 30 сантиметр, ал ені 20 сантиметр.

Радиокөміртекті мерзімдеу нәтижелері бұл олжалардың б.з.д. 14 500–11 200 жылдар аралығындағы эпипалеолит дәуіріне жататынын көрсетті.

Қазба жұмыстары Мәдениет және туризм министрлігінің атынан Билежик Шейх Едебали университетінің Археология кафедрасының профессоры Дениз Сары жетекшілік еткен 14 адамнан тұратын топпен 18 мамыр мен 18 шілде аралығында жүргізілді.

Маңызды культтік және ғұрыптық орын

Профессор Сары үңгір ішіндегі археологиялық қалдықтардың алғаш рет 2017 жылы жүргізілген жерүсті зерттеулері кезінде анықталғанын айтты.

«Табылған жәдігерлер бұл жердің маңызды культтік және ғұрыптық орын болғанын көрсетті. Биыл табылған тасбақа мүсіншелері үңгірдің ғұрыптық маңызын жаңа қырынан ашты», - деді Сары.

Сары мүсіншелердің көпшілігінің қарапайым әрі шеберлігі төмен деңгейде жасалғанын айтты. Осыған байланысты олардың ғұрыптық мақсатта жасалған болуы мүмкін екенін атап өткен Сары былай деді:

«Хыдыреллез кезінде адамдар құрбандық шалып, тілектерін қағазға жазады. Содан кейін оларды бүктеп, белгілі бір жерге көмеді. Мұнда да соған ұқсас жағдай бар: шеңбер тәрізді сақиналардан тұратын сәулеттік құрылым анықталды. Олардың айналасынан жерге қадалған, көбі толық аяқталмаған немесе асығыс жасалған әктас тасбақа мүсіншелерін таптық».

Сары тасбақа символикасының Таяу Шығыстағы Натуфий мәдениетінде, сондай-ақ одан да ертеректегі жоғарғы палеолит дәуіріндегі қауымдар арасында кең таралғанын атап өтті.

Сарының айтуынша, тасбақа көптеген мәдениетте ұзақ өмір сүру мен төзімділіктің символы саналады.

Іздеу
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"