САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ иммиграциялық операцияларға қолдау көрсету үшін Флоридаға 200 теңіз жаяу әскерін жіберді
АҚШ Солтүстік қолбасшылығы олардың тек әкімшілік және логистикалық міндеттерде қолдау көрсететінін хабарлады.
АҚШ иммиграциялық операцияларға қолдау көрсету үшін Флоридаға 200 теңіз жаяу әскерін жіберді
/ AP
 

Трамп әкімшілігі АҚШ Иммиграция және кеден қызметі бөлімшелерінің иммиграциялық операцияларына қолдау көрсету мақсатында Флорида штатына шамамен 200 теңіз жаяу әскерін жіберуде. Бұл туралы АҚШ Солтүстік қолбасшылығы бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде хабарлады.

"Солтүстік Каролинадағы “Marine Corps Air Station New River”-ден “Marine Wing Support Squadron 272” құрамындағы шамамен 200 теңіз жаяу әскері АҚШ Иммиграция және кеден қызметінің ішкі иммиграцияны орындау миссиясына қолдау көрсету үшін Флоридаға жөнелтілді. Бұл қолдау АҚШ Иммиграция және кеден қызметі белгілеген орындарда маңызды әкімшілік және логистикалық қызметті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады," делінген мәлімдемеде.

Мәлімдемеде қолдау көрсетілетін басқа штаттар қатарында Луизиана мен Техас та бар екені айтылды. Сонымен қатар теңіз жаяу әскерлерінің міндеттері тек әкімшілік және логистикалық қызметпен шектелетіні және АҚШ Иммиграция және кеден қызметі бақылауындағы адамдармен тікелей байланыс орнатуына тыйым салынғаны атап өтілді.

Лос-Анджелестегі дүрбелең

Бұл мәлімдеме Калифорнияның Лос-Анджелес қаласында АҚШ Иммиграция және кеден қызметі агенттері мен наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыстардан бірнеше апта өткен соң жарияланды. Қақтығыстар иммиграциялық операциялар аясында болып, зорлық-зомбылыққа ұласты.

Алғашқы қақтығыстардан кейін Трамп АҚШ-тың екінші ірі қаласы Лос-Анджелеске Ұлттық гвардия мен теңіз жаяу әскерін орналастырылатынын айтты. Бұл күштер бейбіт тұрғындарды тұтқындап, қалада үлкен дүрбелеңге себеп болды.

Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом мен Лос-Анджелес мэрі Карен Басс қалада әскери күштің қолданылуына қарсы шығып, президентті "Лос-Анджелесті заңсыз милитаризациялады" деп айыптады.

Кейін Трамп АҚШ Иммиграция және кеден қызметіне Демократтар басқаратын қалаларда иммиграциялық операцияларды кеңейту туралы бұйрық берді. Бұл шешім Лос-Анджелестегі тәртіпсіздіктің басқа қалаларда да қайталану қаупі бар екенін білдірді.

Іздеу
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр