Ресей армиясының түнде Украинаның әртүрлі өңірлеріне жасаған әуе шабуылдарында 200 қарулы дрон пайдаланғаны мәлімделді.
Украина Әуе күштері қолбасшылығының жазбаша мәлімдемесінде Ресейдің түн ішінде ел аумағына дрондармен шабуыл жасағаны айтылды.
Мәлімдемеде шабуылдар кезінде 200 дрон қолданылғаны, олардың 187-сін әуе қорғанысы күштері залалсыздандырғаны хабарланды.
Киев мэрі Виталий Кличко да әлеуметтік желідегі парақшасында түнде қалаға әуе шабуылдары жасалғанын мәлімдеді.
Кличко қаланың әртүрлі аудандарындағы жанармай құю бекеттері мен бір қойманың нысанаға алынғанын айтты.





















