ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді
Cаммитке жиырмадан астам елдің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады.
Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді
/ AFP

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин айдың соңында Ресей Президенті Владимир Путинді, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті және жиырмадан астам үкімет басшысын қабылдайды. Пекин жұма күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) отырысы Қытайдың аймақтағы ықпалын күшейтуді мақсат ететін саяси және қауіпсіздік саммиті болатынын хабарлады.

Әлем халқының шамамен төрттен бірін қамтитын блоктың лидерлері 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Тяньцзиньде өтетін саммитте өзара байланысты тереңдетуге бағытталған жаңа жоспарларын жариялайды. Бұл ақпарат саммитке дайындыққа қатысты баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Лю Бинь тарапынан хабарланды.

Жиын Қытайда соңғы жылдардағы ең ірі әскери парадтардың бірінің алдында небәрі бірнеше күн қалғанда өтеді. Саммит сонымен бірге АҚШ Президенті Дональд Трамптың Израиль, Газа және сауда тарифтері сияқты мәселелердегі саясаты аймақтағы басты тараптарды Қытайға одан әрі жақындатып отырған кезеңге сәйкес келеді.

Түркия, Беларусь, Иран, Қазақстан, Пәкістан және Вьетнам сияқты елдердің жоғары деңгейдегі басшылары да саммитке қатысушылар қатарында болады.

Сонымен қатар Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагимнің саммитке қатысуы жоспарланған. Ол қазан айында Куала-Лумпурда Трампты және Оңтүстік-шығыс Азия елдері ассоциациясының басқа да лидерлерін қабылдамас бұрын осы жиынға қатыспақ.

Гегемония мен ескі ойлау тәсілдері әлі де әсер етуде

Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Лю Бинь баспасөз мәслихатында Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің баяндамасына сілтеме жасай отырып, Қытайдың «ШЫҰ-ның тұрақтылығы мен ынтымақтастық қарқынын арттыруды және әлемдегі белгісіз әрі болжанбас факторларға жауап беруді» көздеп отырғанын айтты.

Лю сондай-ақ: «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тұрақтылығы мен төзімділігін күшейту арқылы белгісіздік пен болжанбас факторларға қарсы тұрып, тұрақты бейбітшілікке қолайлы орта қалыптастыра аламыз,» – деп қосты.

Саммит Тяньцзинь декларациясының қабылданып, жариялануымен аяқталады. 2024 жылы Астанада өткен ШЫҰ саммитінде лидерлер аймақтық терроризмге қарсы күрес, жаңартылатын энергия және цифрлық экономика салаларында ынтымақтастықты арттыру жөнінде шешім қабылдаған болатын.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды