ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Президент Ердоған Кавказ тарихының Түркияның да тарихы екенін атап өтіп, ортақ өткеннен алған күшпен келер ұрпаққа бейбітшілік пен қауіпсіздік орнаған өңірді мұра етіп қалдыру жауапкершілігін арқалап отырғандарын айтты.
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Президент Режеп Тайып Ердоған / AA
 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Кавказ тарихы – біздің де тарихымыз. Ғасырлар бойы бұл өңірдің қайғысын да, қуанышын да бірге бөлістік. Бүгінде иығымызда осы ортақ тарихтан алған күш-қуатпен келер ұрпаққа бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүретін өңірді қалдыру жауапкершілігі тұр», – деді.

Ердоған Халықаралық Кавказ конгресіне орай жариялаған үндеуінде Ығдыр қаласында ғалымдар мен қатысушылардың басын қосқан конгрестің сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Құнды пікірлерімен, сараптамаларымен, баяндамаларымен және сыни көзқарастарымен Конгрестің мазмұнын арттырған сарапшыларға алғыс айтқан Ердоған былай деді:

«Кавказ тарихы – біздің де тарихымыз. Ғасырлар бойы бұл өңірдің қайғысын да, қуанышын да бірге бөлістік. Бүгінде иығымызда осы ортақ тарихтан алған күш-қуатпен келер ұрпаққа бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүретін өңірді қалдыру жауапкершілігі тұр. Осы ұстаныммен Әзербайжан президенті құрметті Ильхам Әлиевпен бірге «Бір ұлт, екі мемлекет» қағидатын Шуша декларациясы арқылы одақтастық деңгейіне көтердік. Шушада, Физулиде, Лачында желбіреген Әзербайжан туы – Түркияның да мақтанышы. Қарабах жеңісінің қуанышын қалай бірге бөліссек, Кавказдың бейбітшілігі мен өркендеуі жолында да дәл сондай табандылықпен еңбек етеміз. Зангезур дәлізінің ашылуымен Әзербайжанның негізгі бөлігі мен Нахчыван арасындағы көлік инфрақұрылымы нығайып, Түркия мен түркі әлемі арасындағы байланыс жаңа мүмкіндікке ие болады. Ұлы Жібек жолы бағыттарында жанданатын сауда-саттық, арта түсетін ынтымақтастық пен беки түсетін адами байланыстар бүкіл өңірге пайдасын тигізеді деп сенеміз».

Кавказдың бейбітшілік орныққан, көршілер өзара сауда жүргізетін және әрбір ел ортақ игіліктен үлес алатын аймақ екенін баса айтқан Ердоған Ығдырда ортаға салынатын ғылыми әлеует пен өткізілетін талқылаулар ортақ болашақты құруға үлес қосады деп үміттенетінін жеткізді.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»