ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия: “Эль-Фашердегі қақтығыстар дереу тоқтатылсын”
Анкара сондай-ақ қауіпсіз гуманитарлық дәліздердің қамтамасыз етілуін, гуманитарлық көмектің үздіксіз жеткізілуін және жазықсыз бейбіт тұрғындарға жасалып жатқан шабуылдардың дереу тоқтатылуын талап етті.
Түркия: “Эль-Фашердегі қақтығыстар дереу тоқтатылсын”
Судан армиясы мен ЖҚК арасындағы азаматтық соғыс 2023 жылының сәуір айынан бері жалғасып келеді. / AA
 

Түркия Суданның Эль-Фашер қаласы мен оның айналасындағы аймақтардағы дұшпандық әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырды.

Сейсенбі күні Түркия Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде қауіпсіз гуманитарлық дәліздердің қамтамасыз етілуін, гуманитарлық көмектің үздіксіз жеткізілуін және жазықсыз бейбіт тұрғындарға жасалып жатқан шабуылдардың дереу тоқтатылуын талап етті.

Анкара Судандағы соңғы оқиғаларды терең алаңдаушылықпен бақылап отырғанын хабарлап, Араб Лигасының бұл мәселеге қатысты ұстанымын қолдайтынын жеткізді. Министрлік Эль-Фашерде бейбіт тұрғындарға жасалған қатыгездіктерді айыптады. Өткен демалыс күндері бұл аймақ жартылай әскери Жедел қолдау күштерінің бақылауына өткен болатын.

Министрлік Түркияның Суданның бірлігіне, аумақтық тұтастығына және егемендігіне деген бұлжымас қолдауын тағы да растады және қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Судан армиясы мен Жедел қолдау күштері арасындағы азаматтық соғыс 2023 жылдың сәуір айынан бері жалғасып келеді. Қақтығыс салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, 14 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»