ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей Украинадағы Сумы облысына қарасты Басивка ауылын басып алғанын мәлімдеді
Бұл қадам Мәскеудің шекара бойында «аралық аймақ» құруға бағытталған әрекеттерінің бір бөлігі ретінде бағалануда.
Ресей Украинадағы Сумы облысына қарасты Басивка ауылын басып алғанын мәлімдеді
/ Reuters

Ресей Украина шығысындағы Сумы облысында орналасқан Басивка ауылын бақылауына алғанын және өңірдегі бірнеше елді мекенде украин күштеріне соққы жасағанын хабарлады.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғанына екі жылдан асқанда Киев 2023 жылғы тамызда мыңдаған сарбазын Ресейдің Курск аймағына шекара асыра жіберген болатын. Алайда соңғы айларда Ресейдің жасаған шабуылдары Украина күштерін Курсктен шегінуге мәжбүр етті.

Ресей президенті Владимир Путин шекара бойында қауіпсіздік мақсатында «аралық аймақ» құру қажеттігін бірнеше рет мәлімдеген.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша Суджа шекара өткелінің жанындағы Басивка ауылы Ресей күштерінің бақылауына өткен. Сондай-ақ Сумы облысындағы 12 нүктеде украин күштеріне соққы жасалғаны айтылды.

Бұдан бөлек Ресей күштері өз аумағындағы Горналь, Гуево және Олешня елді мекендерінде шоғырланған украин бөлімшелерін де тойтарғанын мәлімдеді.

Бақылау кімнің қолында?

“DeepState” картасына сәйкес қазіргі таңда Украина Ресей аумағындағы шамамен 63 шаршы шақырым жерді бақылауда ұстап отыр. Бұл көрсеткіш Киев өткен жылы мәлімдеген 1 400 шаршы шақырыммен салыстырғанда айтарлықтай азайған.

Шекара маңындағы, оның ішінде Басивка ауылы да бар 81 шаршы шақырымдай аумақ «бақылау жағдайы белгісіз» деп қарастырылуда.

Ресей қазіргі кезде Украинаның шамамен бестен бір бөлігін бақылауда ұстап отыр. Бұл аумаққа 2014 жылы аннексияланған Қырым түбегі толықтай, Луганск облысының барлығына дерлігі, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарының 70%-дан астамы кіреді.

Сонымен қатар Харьков облысының шағын бір бөлігі де Ресейдің бақылауында.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады