ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Министр Курум: «Ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін шешім іздеуді тоқтатпаймыз»
Курум конференцияны ұйымдастыруға жетекшілік еткен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға, сондай-ақ қолдауы үшін Емине Ердоғанға алғыс білдірді.
Министр Курум: «Ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін шешім іздеуді тоқтатпаймыз»
Түркия Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум / Anadolu Agency (Wire)
 

Түркияның Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум: «Келіссөздердің бәрі бірдей нәтижемен аяқталмауы мүмкін. Барлық үміт ақтала бермеуі мүмкін. Алайда ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін пікір алмасудан, бір-бірімізді тыңдаудан және шешім іздеуден бас тартпаймыз», – деп мәлімдеді.

Министр Курум «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі парақшасында климаттың өзгеруімен күресу ешбір мемлекеттің жалғыз өзі шеше алатын мәселесі емес екенін атап өтті.

Оның айтуынша, COP31 конференциясы барысында елдер осы ортақ жауапкершілікті орындау, мемлекеттер арасындағы диалог пен ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыс жүргізді.

Курум конференцияны ұйымдастыруға жетекшілік еткен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға, сондай-ақ қолдауы үшін Емине Ердоғанға алғыс білдірді.

Министр өз жазбасында былай деді: «Осы үдерістегі келіссөздер бойынша серіктесіміз, Австралияның Климаттың өзгеруі және энергетика министрі Крис Боуэн бастаған Австралия үкіметіне, Біріккен Ұлттар Ұйымының хатшылығына, сондай-ақ екі апта бойы саммитке қатысып, ортақ келісімге қол жеткізуге күш салған барлық мемлекет өкілдері мен бақылаушыларға алғысымды білдіремін. Әр келіссөз бірдей нәтижеге әкеле бермеуі мүмкін. Барлық үміт ақтала бермеуі мүмкін. Алайда ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін пікір алмасудан, бір-бірімізді тыңдаудан және шешім іздеуден бас тартпаймыз».

Анталияда өткен әлемдегі ең ірі климаттық саммит COP31 аяқталғанымен, конференцияның қорытынды шешім жобасы қабылданбады.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»