САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия соғысты тоқтату үшін бейбітшілік бастамаларына жетекшілік етуге уәде берді
«Еріктілер коалициясы» басшыларының саммитіне қатысқан Түркия вице-президенті «Тараптар арасындағы дипломатия мен диалогқа басымдық берілуі тиіс», - деді.
Түркия соғысты тоқтату үшін бейбітшілік бастамаларына жетекшілік етуге уәде берді
/ AA

Түркия Ресей мен Украина арасындағы соғыста тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін барлық салада жетекшілік етуге дайын екенін тағы да растады. Бұл туралы Түркия президентінің орынбасары «Еріктілер коалициясы» саммитінен кейін айтты.

Түркияның әлеуметтік желісі “NSosyal-да” жарияланған жазбасында Джевдет Йылмаз сәрсенбі күні «Еріктілер коалициясының» бесінші көшбасшылар саммитіне онлайн қатысқанын айтты. Ол бұған дейін бұл саммитке Президент Режеп Тайып Ердоғанның атынан төрт рет қатысқан болатын.

«Франция Президенті Эммануэль Макрон гибридті форматта ұйымдастырған бұл кездесуде АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен Украинада әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған дипломатиялық күш-жігер талқыланды», – деді Йылмаз.

«Түркия түбегейлі бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін барлық салада жетекшілік етуге дайын екенін тағы да қайталап, тараптар арасындағы дипломатия мен диалогты бірінші орынға қою қажеттігін атап өтті. Әділ және тұрақты бейбітшілік орнағанға дейін біз дипломатиялық үдерістерге барлық мүмкіндігімізбен үлес қосуды жалғастырамыз», – деді ол.

Өткен ай Аляскада Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путин арасында кездесу болған еді. Осы кездесуден кейін атысты тоқтату және Путин мен Украина Президенті Владимир Зеленский арасындағы кездесу ұйымдастыру бойынша күш-жігер жалғасып жатыр.

Ресей және Украинамен достық қарым-қатынастағы ел ретінде Түркия 2022 жылдың ақпанында басталған соғысты тоқтату үшін ерекше және белсенді рөл атқарып келеді.

Іздеу
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
Түркияда 580 жағажай «Көк жалау» алуға лайық деп танылды
Түркияның тежеуші күшінде тарихи қадам
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті