САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі»
АҚШ президенті араағайын болған топтың әр жолы бір құжатты қарау үшін 18 сағат ұшпайтынын айтып, келіссөздердің енді телефон арқылы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі»
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі» / AP
 

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің бұдан былай телефон арқылы өтетінін айтты. Ол сәрсенбі күні Ақ Үйде журналистерге: «Қазір олармен сөйлесіп жатырмыз. Енді бір құжатты көру үшін 18 сағат ұшпаймыз. Телефон арқылы шешіп жатырмыз», – деді.

АҚШ пен Иран 11 сәуірде Исламабад қаласында келіссөз өткізгенімен, 28 ақпанда басталған соғысты тоқтатуға бағытталған келісімге келе алмады.

ҚатыстыИсламабадта өткен АҚШ-Иран келіссөздері нәтижесіз аяқталды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Соңғы келіссөз Пәкістанның араағайындығымен 8 сәуірде қол жеткізілген, кейін Дональд Трамп ұзартқан екі апталық бітімнен кейін өтті. Сондай-ақ  Дональд Трамп Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Исламабадқа жоспарлаған сапарын тоқтатты.

Дональд Трамп әдетте бетпе-бет кездесулерді жөн көретінін айтып, «Әрқашан бетпе-бет кездесуді ұнатамын, әлдеқайда тиімдірек деп ойлаймын. Бірақ бір келіссөз үшін әр жолы 18 сағат ұшу керек және кездесудің мақсатын білсеңіз… бұл орынсыз», – деді.

Сондай-ақ Дональд Трамп кез келген келісім Иранның ядролық қару жасау мақсатынан толық бас тартуына байланысты болатынын тағы да қайталады.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»