Суданның Солтүстік Кордофан штатында Жедел қолдау күштерінің (ЖҚК) алтын базарына жасаған шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тауып, 27 адам жараланды.
Жергілікті азаматтық қоғам ұйымы – Дар Хамар төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдемесінде ЖҚК-ның Солтүстік Кордофандағы Умм-Бадр қаласында орналасқан алтын базарына шабуыл жасағаны айтылды.
Шабуыл салдарынан 5 бейбіт тұрғын қаза тауып, 27 адам жараланды.
Комитет бұған дейінгі мәлімдемесінде де ЖҚК-ның Умм-Бадрдағы алтын базары мен ондағы сауда орындарын тонағанын хабарлаған еді.
ЖҚК шабуылға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.
Судан армиясы соңғы күндері Солтүстік және Батыс Кордофанда ЖҚК бақылауындағы кейбір аумақта ілгеріледі.
Армия 19 қыркүйекте Солтүстік Кордофанның Содари қаласының солтүстік-шығысындағы стратегиялық Әл-Жамама аймағын бақылауға алғанын, ал одан бір күн бұрын штаттағы 11 аумақты өз бақылауына қайтарғанын хабарлады.
Суданда 2023 жылғы 15 сәуірден бері армия мен Жедел қолдау күштері арасында қақтығыс жалғасып келеді.



















