ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
“Ресей–Украина бейбіт келісімі Еуропаның болашағын да айқындайды”
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның Ресей мен Украинаның жақын арада келісімге келетініне сенім білдірді.
“Ресей–Украина бейбіт келісімі Еуропаның болашағын да айқындайды”
Фидан Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі күш-жігерді талқылады. / AA

Брюссельде өткен НАТО Сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысқан Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей мен Украина арасындағы ықтимал бейбіт келіссөздер үшін Түркиядан қолайлы орын жоқ екенін айтты.

Фидан сәрсенбі күні “TRT Haber” арнасына берген сұхбатында: «Біз мұны өткен жазда Стамбулда үш рет өткізген кездесулерімізбен дәлелдедік. Келіссөздерді біз ұйымдастырып, отырыстарды жүргіздік. Тараптар әр кездесуден шынымен разы болып шықты»,- деді.

ЕО және НАТО әріптестерімен өткізген кездесулерден кейін Фидан талқылаулардың негізінен Ресей–Украина соғысына, ықтимал бейбіт келісімге және Түркия делдалдық рөл атқаратын өңірлік мәселелерге бағытталғанын айтты.

Ресей–Украина бейбіт үдерісіне қатысты Фидан: «Ең маңыздысы — келіссөз үстелінен кетпеу. Ынтымаққа ниеттеніп отырсаңыз, түбінде нәтижеге қол жеткізіледі», -деді.

Оң көзқарас

Фидан екі тараптың да жақын оң ұстаным көрсетуі мүмкін деген үміт бар екенін қосты.

Фидан кез келген қорытынды келісім тек соғысты тоқтатумен шектелмей, Еуропаның болашағын да қалыптастыратынын баса айтып, «Барлығы тәуекел мен пайданы есептеп отыр. Мұндай күрделі жағдайда мақсаттарды айқындау және тараптарды сол мақсаттарға шоғырландыру барған сайын маңызды болып келеді», -деді.

Қаратеңіздегі шабуылдар

Сыртқы істер министрі Фидан Қаратеңіз жағалауына жақын орналасқан коммерциялық кемелерге жасалған соңғы шабуылдарға да тоқталды.

Оның айтуынша, Түркия, Румыния және Болгария теңізде қалқып жүрген миналарға қарсы күресу және теңіз қауіпсіздігін арттыру үшін жұмыс тобын құрған, ал теңіз күштері қазірдің өзінде ынтымақтасып жұмыс істеп жатыр.

Фидан: «Соңғы шабуылдар біздің ескертулеріміздің қаншалықты орынды болғанын көрсетеді. Соғыс географиясы кеңейіп барады, бұл — өте қауіпті», - деді.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды