ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ-та қаңтар айынан бері жарты миллион заңсыз мигрант қамауға алынды
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің мәліметінше, қамауға алынғандардың 70 пайызы бұрын қылмыс жасаған немесе іздеуде жүрген тұлғалар.
АҚШ-та қаңтар айынан бері жарты миллион заңсыз мигрант қамауға алынды
DHS дерегінше, ұсталғандардың 70%-ына қылмыстық айып тағылған немесе іс қозғалған. / Reuters Archive

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм президент Дональд Трамп қаңтар айында қызметіне кіріскелі бері ел бойынша 480 мыңнан астам құжаты жоқ мигранттың тұтқындалғанын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Флоридада өткен баспасөз мәслихатында Ноэм: «Қаңтар айынан бері Ішкі қауіпсіздік министрлігі 480 мыңнан астам заңсыз мигрант қылмыскерді ұстады. Бұл адамдардың 70 пайызына айып тағылған немесе осы айыптар бойынша сотталған», - деді.

Кристи Ноэм сөзін жалғастырып, «Біз ел бойынша қауымдастықтарды қауіпсіз етіп, отбасылардың өркендеуіне, жақсы өмір сүруіне және осы елдің негізін қалаған еркіндіктің игілігін көруіне мүмкіндік беріп отырмыз», - деді.

Өткен айда министрлік 20 қаңтардан бері 2 миллион заңсыз мигранттың АҚШ-тан кеткенін хабарлаған болатын. Мәлімдемеге сәйкес, олардың шамамен 1,6 миллионы елден өз еркімен кетсе, 400 мыңы ресми депортацияланған.

«Рекорд»

Бұдан бөлек президент Дональд Трамп дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде әкімшілік жүргізіп отырған «рекордтық деңгейдегі» құқық қорғау қызметін жоғары бағалап, ФБР-дың зорлық-зомбылық қылмыстары, есірткі операциялары және балаларды қорғау бағытындағы жаңа деректерін мысал келтірді.

“Truth Social” желісіндегі парақшасында Трамп: «Менің әкімшілігім тұсында ФБР керемет жұмыс істеп жатыр. 20 қаңтардан бері 28 мыңнан астам зорлық-зомбылық қылмысына қатысы бар адам тұтқындалды (рекорд!), 6 мыңнан астам заңсыз қару тәркіленді, 1 700-ден астам бала зорлықшылары мен 300 адам саудагері көшеден аластатылды», - деп жазды.

Сондай-ақ ол 5 000 баланың құтқарылғанын және агенттердің 1 900 килограмм фентанил тәркілегенін айтып, бұл «125 миллион адамды өлтіруге жететін мөлшер» екенін атап өтті.

Президент Трамп мәлімдемесін «Біз Америкаға ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІ қайта орнатып жатырмыз. Кэш, Дэн, Эндрю және ФБР-дағы әйелдер мен ерлердің бәрі тамаша жұмыс атқаруда — БІЗ АМЕРИКАНЫ ҚАЙТАДАН ҚАУІПСІЗ ЕТІП ЖАТЫРМЫЗ!» сөздерімен қорытындылады.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті