САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО одақтастарының бірлік көрсетіп жатқанын айтты, Түркиямен жаңа сауда келісімдерін атап өтіп, Анкараны негізгі серіктес ретінде мақтады.
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Трамп Анкара саммитінен кейін НАТО «үлкен жолдан өтті» дейді / AP
 

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияның астанасы Анкарада өткен НАТО саммитіне тоқталып, НАТО-ның «бүгін маңызды белесті бағындырғанын» айтты және «кейбір жеңілдіктерге барды» деп қосты.

Президенттік ұшақта журналистерге мәлімдеме жасаған Трамп «өте жақсы» НАТО саммитін өткізгенін білдірді.

Трамп: «Яғни, біз өте жақсы бір-екі күн өткіздік және көптеген мәселе шешілді. Шын мәнінде, НАТО расымен де өте әсерлі болды. Бұл тұрғыда өте позитивті жақтар болды», — деді.

Екіжақты келісімдер

Дональд Трамп Анкарадағы жиынның «көптеген мәселені шешкенін» атап өтіп, «Өте, өте жақсы кездесу болды және адамдар АҚШ-қа өте әділетсіз мәміле жасалғанын түсінді», — деді.

Трамп қиындықтарға қарамастан «Испания бүгін толығымен артқа шегінді. Испания бүгін өте жомарттық танытты. Білесіздер, мен оларға сауданы тоқтататынымды айтқан болатынмын. Олар менің көптеген төлем талабымды қабылдады», — деді.

АҚШ президенті: «Меніңше, олар өте нашар, өте нашар әрекет етті. Бірақ бүгін ол залда ірі бірлік болды», — деп қосты.

Трамп сондай-ақ АҚШ-тың Түркиямен «көптеген жақсы сауда келісімін» жасасқанын білдіріп, «Түріктер өте жақсы серіктес болды», — деп мәлімдеді.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»