ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрікмен газын Әзербайжан мен Түркия арқылы экспорттау бағытында ынтымақтастықты нығайту үшін үлкен мүмкіндік бар екенін білдірді.
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті / Anadolu Agency
 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні Түркия мен Әзербайжанның бірлескен бастамасы аясында Сирияға табиғи газ жеткізудің басталуы елдің дамуына және өңірлік қауіпсіздіктің нығаюына ықпал ететінін мәлімдеді.

Баку энергетикалық апталығының ашылу рәсімінде Ердоған: «Түркия мен Әзербайжанның бірлескен бастамасы нәтижесінде Сирияға газ жеткізудің басталуы бұл елдің дамуы мен өңірлік қауіпсіздікке қосатын үлесі тұрғысынан аса маңызды», – деді.

Оның айтуынша, соңғы кездегі өңірлік оқиғалар Әзербайжанмен бірлесіп жүзеге асырылған энергетикалық жобалардың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ердоған екі елдің кезінде мүмкін емес деп саналған көптеген ауқымды жобаны сәтті іске асырып келгенін хабарлады.

Түркия президенті Әзербайжанмен басталып, Грузияның қатысуымен жүзеге асырылған Баку–Тбилиси–Жейхан мұнай құбыры, Баку–Тбилиси–Ерзурум газ құбыры және Трансанатолиялық табиғи газ құбыры (TANAP) жобаларын ерекше атап өтті.

Ердоғанның айтуынша, Түркия мен Әзербайжан арасындағы энергетикалық ынтымақтастық «Әзери–Чыраг–Гүнешли» және «Шах Дениз» жобалары арқылы одан әрі тереңдей түсті. Ал «Шафак-Асиман» кен орнындағы жаңа серіктестік екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың қарқынды түрде жалғасып жатқанын көрсетеді.

Президент өткен жылы пайдалануға берілген Ыгдыр–Нахчыван табиғи газ құбыры Әзербайжанның Нахчыван өңірінің энергетикалық қауіпсіздігін күшейткенін айтты.

Сондай-ақ Ердоған Түркия мен Әзербайжан арасындағы электр энергетикасы саласындағы байланыстардың стратегиялық маңызы сақталып отырғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Түркия, Әзербайжан, Грузия және Болгария жүзеге асырып жатқан «Жасыл электр энергиясын жеткізу және сауда» жобасы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігіне кеңірек үлес қосады деп болжануда.

Өңірлік энергетикалық бағыттар жөнінде сөз қозғаған Ердоған түрікмен газын Әзербайжан мен Түркия арқылы экспорттау ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қатар ол Баку–Тбилиси–Жейхан құбырының Қазақстанның табиғи ресурстарын Батыс нарықтарына жеткізу үшін барған сайын көбірек пайдаланылып жатқанын атап өтті.

Ердоған Түркияның энергия тиімділігі мен қоршаған ортаға жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып, жаңартылатын және жасыл энергетиканы және энергетиканың барлық басқа бағытында тиімділікті арттыруды көздейтін стратегия ұстанатынын мәлімдеді.

Президент сондай-ақ Түркияның 9–20 қараша аралығында Анталияда өтетін “COP31” климаттық саммитін ұйымдастыру арқылы жаһандық климаттық әрекет саласындағы жетекші әрі үлгі тұтарлық елдердің бірі болуға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдейтінін айтты.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»