САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Мәскеу Түркияға алғыс білдірді
Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәскеу-Украина келіссөздеріне алаң ұсынған Түркияның бастамасын жоғары бағалап, Киевті «келіссөздерді кешіктірді» деп  айыптады.
Мәскеу Түркияға алғыс білдірді
Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Киевті айыптады / AP

Ресей бейсенбі күні Украинамен бейбіт келіссөздер үшін алаң ұсынған Түркияға алғыс білдірді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова кез келген келіссөз форматы саяси, дипломатиялық немесе гуманитарлық мәселелер бойынша нақты нәтижелер беретін болса, маңыздылығы арта түсетінін айтты.

Захарова: «Біз үшін әрқашан келіссөз үдерісіне алаң ұсынатын елдердің бастамалары, сондай-ақ бұл жұмыстың жүргізілуіне қатысты олардың ұсыныстары, модельдері мен тұжырымдамалары маңызды»,- деді.

Түркия келіссөздерге алаң ұсыну туралы ұсынысын бірнеше рет қайталады және төртінші жылына енген соғыс кезеңінде бұған шын мәнінде жағдай жасаған санаулы елдердің бірі.

Захарова Украина тарапынан теріс көзқарас болғанына қарамастан, Мәскеудің әрдайым адамдар үшін гуманитарлық мәселелерді шешу және бейбітшілікке қарай жылжу мақсатында байланыс орнатып келгенін атап өтті.

«Стамбул келіссөздерінің Киев режимі тарапынан кедергіге ұшырағанын көріп отырмыз. Соңғы кезеңдегі барлық ұсыныстарымыздың Украина тарапынан орындалмағанын білесіздер. Ниеттерін қайта мәлімдегеннен кейін керісінше әрекет етті. Нақтырақ айтар болсақ, мүлдем ештеңе істемеді»,- деді ресми өкіл.

Захарова сөзін жалғастырып, «Біз әрқашан ризашылығымызды білдіреміз. Бұл жағдайда Ресей-Украина келіссөздері үшін алаң ұсынудағы қонақжайлылығы мен дайындығы үшін түрік тарапына алғыс айтамыз. Біз бұл форматтан бас тартқан жоқпыз. Бас тартқан Киев режимі»,- деді.

Захарованың айтуынша, шілде айынан бастап Украина Ресейдің ұсыныстарына жауап бермей, келіссөздерді тоқтатқан. Бұл ұсыныстардың қатарында саяси, әскери және гуманитарлық мәселелер бойынша үш жұмыс тобын құру да болған. Өкіл «Украина делегация деңгейін көтеру туралы ұсынысқа да жауап берген жоқ», - деп қосты.

Іздеу
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
Түркияда 580 жағажай «Көк жалау» алуға лайық деп танылды
Түркияның тежеуші күшінде тарихи қадам
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті