ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израильдің Батыс Шериядағы зорлық-зомбылығы жалғасуда
Әл-Байдар адам құқықтары ұйымының мәліметінше, қоныстанушылар бес үй мен бірнеше көлікті өртеген.
Израильдің Батыс Шериядағы зорлық-зомбылығы жалғасуда
Израильдің Батыс Шериядағы зорлық-зомбылығы жалғасуда / Reuters

Израильдегі заңсыз қоныстанушылар басып алынған Батыс Шерияда, Әл-Халил қаласының оңтүстігіндегі Сусия ауылындағы Рамазан айында жасалған шабуылдар аясында палестиналықтарға тиісілі үйлер мен көліктерді өртеді.

Әль-Байдар адам құқықтары ұйымы сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде қоныстанушылар бес үй және бірнеше көлік  өртегенін  хабарлады. Ұйым қоныстанушылардың ауылға басып кіріп, айтарлықтай материалдық шығын келтіргенін және әсіресе әйелдер мен балалар арасында үрей туғызғанын мәлімдеді. Жергілікті дереккөздердің Анадолы агенттігіне берген ақпаратына сәйкес, заңсыз қоныстанушылар кейбір үйлерге көзден жас ағызатын газ сепкен. Салдарынан төрт адам тұншыққан.

Ауыл орналасқан Масафер Ятта аймағындағы қауымдастықтар қоныстанушылардың шабуылына, сонымен қатар үйлерге басып кіру және палестиналықтарға тиісілі жерлерге мал жаю әрекеттеріне жиі тап болады. Тұрғындар бірнеше рет көмек сұрап, қоныстанушылардың зорлық-зомбылықтарының  доғарылуын талап етті.

 Батыс шериядағы  зорлық-зомбылық

2023 жылдың қазан айында қоршаудағы Газада басталған жаппай қырып-жоюдан  кейін басып алынған  Батыс Шерияда Израиль армиясы мен заңсыз қоныстанушылардың шабуылдары күшейді. Палестиналық деректерге сәйкес, Израиль басып алған Батыс Шерияда 1 116-дан астам палестиналықты өлтірген, 11 500 адамды жаралаған және 22 000 адамды тұтқындаған. Палестиналықтар бұл шиеленістің мақсаты   Батыс Шерияны Израильдің ресми түрде аннексиялауына негіз қалау екенін ескертеді. Бұл қадам БҰҰ шешімінде  көзделген Палестина мемлекетінің құрылу мүмкіндігін іс жүзінде жояды.

ҚатыстыИзраиль күштері Рамазан айында футбол ойнап жүрген балаларға көзден жас ағызатын газ лақтырды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Халықаралық қауымдастық пен БҰҰ Шығыс Иерусалимді қоса алғанда Батыс Шерияны басып алынған  Палестина аумағы деп санайды және ондағы Израиль қоныстарын халықаралық құқыққа сәйкес заңсыз деп таниды.

2024 жылдың шілде айында қабылданған маңызды шешімінде Халықаралық әділет соты Израильдің Палестина аумақтарын басып алуын заңсыз деп жариялап, басып алынған  Батыс Шериядағы және оккупацияланған Шығыс Иерусалимдегі барлық қоныстарды эвакуациялауды талап етті.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы