Шейіт болған әскери қызметкерлердің мүрделері Түркияға жеткізілді
Түрік Қарулы Күштеріне тиесілі «A400M» ұшағы марқұмдардың мүрделерін Грузияның астанасы Тбилисиден Анкарадағы Мүртед әуе базасына жеткізді.
Шейіт болған әскери қызметкерлердің мүрделері Түркияға жеткізілді
Сейсенбі күні Грузия–Әзербайжан шекарасында құлаған жүк ұшағында шейіт болған түрік әскерлерінің мүрделері бейсенбі күні елге жетті.
Сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін, Түрік Қарулы Күштеріне тиесілі «A400M» әскери ұшағы марқұмдардың мүрделерін Грузияның астанасы Тбилисиден Анкарадағы Мүртед әуе базасына тасымалдады.
Ұшақ қонған соң мүрделер жедел жәрдем көліктерімен Сот-медициналық сараптама мекемесіне жеткізілді.
Түрік Қарулы Күштерінің «C-130» типті әскери жүк ұшағы Әзербайжаннан Түркияға қайтып келе жатқанда апатқа ұшыраған болатын.