ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Корея ұшырылған жеке дрондарға байланысты Солтүстік Кореяға өкініш білдірді
Президент Ли Чжэ Мён жеке дрондардың шекара маңындағы аймақтарда алаңдаушылық туғызып, онсыз да қиын екіжақты қарым-қатынасты одан әрі шиеленістіргеннен кейін өкініш білдірді.
Оңтүстік Корея ұшырылған жеке дрондарға байланысты Солтүстік Кореяға өкініш білдірді
2005 жылдың 5 қарашасында Қытайдың Макао қаласында өткен Шығыс Азия ойындарындағы Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея тулары. [Мұрағаттық сурет] / Reuters

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён дүйсенбі күні бұл оқиғалардың Пхеньянмен қажетсіз әскери шиеленіске себеп болғанын айтып, жеке тұлғалар жүзеге асырған дрон ұшуларына байланысты Солтүстік Кореяға өкінішін білдірді.

Yonhap ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ли Министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген сөзінде прокуратураның өткен аптада 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы қаңтар аралығында Солтүстік Кореяға дрон ұшырылуына байланысты үш адамға айып таққанын еске салды.

Ли: «Бұл біздің үкіметтің әрекеті болмаса да, осындай жауапсыз іс-әрекеттердің салдарынан туындаған қажетсіз әскери шиеленіс үшін Солтүстік Корея тарапына өкінішімді білдіремін», - деді.

Ли бұған дейін де Солтүстік Кореяға дрон жіберу әрекеттерін бірнеше рет сынаған болатын, алайда бұл — оның Солтүстік Кореяға алғаш рет тікелей өкініш білдіруі.

Ли: «Адамдардың Солтүстік Кореяға қарсы осындай арандатушылық әрекеттерді өз бетінше жасауы өте өкінішті», — деп мәлімдеп, мұндай әрекеттерді «қабылдауға болмайды» деп атады.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді