Оңтүстік Корея ұшырылған жеке дрондарға байланысты Солтүстік Кореяға өкініш білдірді
Президент Ли Чжэ Мён жеке дрондардың шекара маңындағы аймақтарда алаңдаушылық туғызып, онсыз да қиын екіжақты қарым-қатынасты одан әрі шиеленістіргеннен кейін өкініш білдірді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён дүйсенбі күні бұл оқиғалардың Пхеньянмен қажетсіз әскери шиеленіске себеп болғанын айтып, жеке тұлғалар жүзеге асырған дрон ұшуларына байланысты Солтүстік Кореяға өкінішін білдірді.
“Yonhap” ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ли Министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген сөзінде прокуратураның өткен аптада 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы қаңтар аралығында Солтүстік Кореяға дрон ұшырылуына байланысты үш адамға айып таққанын еске салды.
Ли: «Бұл біздің үкіметтің әрекеті болмаса да, осындай жауапсыз іс-әрекеттердің салдарынан туындаған қажетсіз әскери шиеленіс үшін Солтүстік Корея тарапына өкінішімді білдіремін», - деді.
Ли бұған дейін де Солтүстік Кореяға дрон жіберу әрекеттерін бірнеше рет сынаған болатын, алайда бұл — оның Солтүстік Кореяға алғаш рет тікелей өкініш білдіруі.
Ли: «Адамдардың Солтүстік Кореяға қарсы осындай арандатушылық әрекеттерді өз бетінше жасауы өте өкінішті», — деп мәлімдеп, мұндай әрекеттерді «қабылдауға болмайды» деп атады.