ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Министр Фидан: «Палестина халқына қажет нәрсе - біздің ұжымдық араласуымыз»
Түркия Газадағы соғысты тоқтату үшін Израильге халықаралық қысым көрсетуге шақырып, Ислам ынтымақтастығы ұйымының атысты тоқтату ұсынысын қолдайтынын атап өтті.
Министр Фидан: «Палестина халқына қажет нәрсе - біздің ұжымдық араласуымыз»
/ AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан дүйсенбі күні Ислам ынтымақтастығы Ұйымының Газа мәселесіне арналған кезектен тыс отырысының беташар сессиясында: «Палестина халқына қажет нәрсе – біздің ұжымдық араласуымыз»,- деді.

Фидан Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының отырысында: «Палестина халқына қажет нәрсе – біздің ортақ әрекетіміз»,- деді.

Фидан Палестинаны мойындаудың жеткіліксіз екенін, Израильді соғысты тоқтатуға мәжбүрлейтін жаһандық әрекет жасалмаса, нәтиже болмайтынын айтты. Ол сөзінде: «Израиль үкіметінің мақсаты – бейбітшілік емес, Палестина халқын жер бетінен толықтай жою. Біз бұған жол бермейміз», – деді.

«Оларды тоқтату керек»

Түркия Сыртқы істер министрі төрағалық еткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының жиыны Израильдің әрекеттеріне назар аударып, мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен үндеулерін үйлестіруді мақсат етті.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Фидан Батыс Шериядағы заңсыз қоныстанушылардың шабуылдарын және оған Израиль министрлерінің де қатысуын айыптап, мұндай әрекеттердің тарихи қалада бақылаусыз жалғаса алмайтынын баса айтты.

Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газаға жасаған аяусыз шабуылдарында шамамен 62 700 палестиналықты өлтірді. Соғыс Газаны қирандыға айналдырды.

Газада атысты тоқтату

Сыртқы істер министрі Израильдің шабуылдарын тоқтата алатын Мысыр–Катар бітім ұсынысының маңызды екенін атап өтіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Газадағы атысты тоқтатудағы күш-жігерін толық қолдайтынын жеткізді.

Хакан Фидан: «Біз келісімге жақынбыз, алайда оған басқыншының (Израильдің) да қатысуы қажет»,-деді. Ол атысты тоқтату жүзеге аспаған жағдайда оккупация мен қырғынның жалғаса беретінін ескертіп, Палестинаның толыққанды мүшелігі үшін БҰҰ аясында бастама көтеруге шақырды.

Фидан Газа қаласын қайта қалпына келтіруге арналған жоспарлардың араб-ислам негізінде жасалуы қажет екенін атап өтіп, Түркияның бұл күш-жігерді қолдауға ниетті екенін айтты.

Министр палестиналықтардың қауіпсіздігі кепілдендірілуі керектігін және Газаны қайта тұрғызу қажеттігіне тоқталды. Ол Ислам ынтымақтастығы ұйымының әл-Ақса мешітін қорғау үшін құрылғанын еске салып, кез келген әлсіздік ұйымның басты миссиясын әлсірететінін айтты.

Сондай-ақ Фидан Израильдің Сирияға, Ливанға және Иранға бағытталған шабуылдары аймақтық әрі жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауқымды тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Іздеу
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды