ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия 2026 жылы Пәкістанда мұнай мен газ барлауды бастайды
Екі ел арасында қол қойылған келісім Түркияға Пәкістандағы бес жерде барлау жүргізу құқығын береді. Бұл келісім келесі жылы басталатын сейсмикалық зерттеулерге, бұрғылау жұмыстарына, сондай-ақ энергия және тау-кен салаларындағы кеңейтілген ынтымақтас
Түркия 2026 жылы Пәкістанда мұнай мен газ барлауды бастайды
Алпарслан Байрактар Пәкістан премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен кездесті. / AA
3 Желтоқсан 2025

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Исламабадтағы жоғары деңгейлі келіссөздер кезінде Түркияның 2026 жылдан бастап Пәкістанда үш теңіз және екі құрлық аймағында мұнай мен табиғи газ барлауын бастайтынын мәлімдеді.

Байрактар сейсенбі күні Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен премьер-министр кеңсесінде кездесті. Сонымен қатар ол Мұнай министрі Әли Первез Малик және Электр энергиясы жөніндегі министр Сардар Ауаис Ахмадхан Легхаримен жүздесті.

Кездесулердің нәтижесінде Түркияның “TPAO” ұлттық мұнай компаниясы “Mari Energies”, “Fatima”, “OGDCL”, “PPL”, “Prime” ve “GHPL” атты алты пәкістандық компаниямен бес блок бойынша көмірсутек барлау және өндіру туралы келісімдерге қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін Байрактар бұл келісімдердің Анкара мен Исламабад арасындағы энергия және тау-кен салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде «маңызды қадам» екенін атап өтті.

Байрактар: «Түркия соңғы жылдары мұнай мен табиғи газ барлау саласында мықты мүмкіндіктерге қол жеткізді. Осы жаңа серіктестіктер арқылы “TPAO” енді Пәкістанда үш теңіз және екі құрлық учаскесінде лицензия иеленді», - деді.

Министр Түркияның кем дегенде бір теңіз блогында оператор ретінде жұмыс істейтінін және 2026 жылы сейсмикалық зерттеу кемелерінің Пәкістан су айдынында болатынын растады.

«Біз мұндағы мүмкіндіктерге үлкен үмітпен қараймыз. Мақсатымыз — келесі жылы кейбір учаскелерде сейсмикалық жұмыстарды, ал кейбірінде тікелей бұрғылауды бастау. Бұл Түркия–Пәкістан әріптестігі үшін нақты нәтижелер береді», - деді Байрактар.

Министрдің айтуынша, Анкара серіктестікті көмірсутектермен шектемей, әрі қарай кеңейтуді көздейді.

Байрактар энергия және тау-кен ынтымақтастығын тереңдету екі ел арасындағы сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізу мақсатына қол жеткізу үшін маңызды екенін атап өтті.

Іздеу
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді
Пәкістан Ауғанстанға қарсы операция жүргізді
Әзербайжанның жазылмайтын жарасы: Ходжалы қырғыны
Түркия мен Италия ұшқышсыз әуе аппараттарын бірге өндірмек
2025 жылы Әл-Ақсаға 65 мыңнан астам заңсыз қоныстанушы кірді
Трамп пен Зеленский бірнеше мәселені талқылады
Президент Ердоған: «Израиль Газа мен Батыс Шерияға қарсы шабуылдарын күшейтуде»
Хакан Фидан Ислам ынтымақтастық ұйымының дипломаттарын қабылдады
Президент Ердоған «F-16» апатына байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді
Түркия мен Сирия сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде