ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Бурса қаласының каштан кәмпиттері мен Ипсала күріші ЕО-ның географиялық белгісін алды
Түркияның ЕО мойындаған географиялық белгісін алған өнімдерінің жалпы саны 42-ге жетті.
Бурса қаласының каштан кәмпиттері мен Ипсала күріші ЕО-ның географиялық белгісін алды
Бурса қаласының каштан кәмпиттері мен Ипсала күріші ЕО-ның географиялық белгісін алды / AA
 

Түркияның Бурса қаласынан шыққан каштан кәмпиттері мен Ипсала күріші Еуропалық Одақта (ЕО) географиялық белгісі ретінде тіркелді. Бұл туралы ТР Ауыл және орман шаруашылығы министрі хабарлады.

«Бурса каштан кәмпиті мен Ипсала күрішінің ЕО-ның географиялық белгісі ретінде тіркелуімен тіркелген өнімдеріміздің саны 42-ге жетті», — деді министр Ибрахим Юмаклы Түркияның “NSosyal” әлеуметтік платформасында.

Ол «Географиялық белгі алған өнімдеріміз өз аймақтарының байлығын әрі қарай байыта түседі. Берекелі болсын», — деді.

Биылғы рекорд: 13 өнім тіркелді

Бурсада танымал каштан кәмпиті қала айналасындағы тау етегінен жиналатын каштандардан жасалып, қантты сиропта қайнату арқылы дайындалады және аймақтық аспаздық мұраның белгісі ретінде қабылданады.

Ипсала күріші — Эдирненің солтүстік-батысындағы Ипсала ауданының суға бай жазықтарында өсірілетін, жоғары сапасы мен ерекше хош иісімен танымал өнім.

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр да «Эдирненің құнарлы Ипсала даласында өсірілген күрішіміз бен Бурса шеберлігінің айнасы болған каштан кәмпиті — жергілікті деңгейден ғаламдық нарыққа дейін созылатын брендтеуге деген сапардың символы», — деді.

«2025 жылы 13 өніміміз ЕО-да тіркелді, бұл біздің ел тарихындағы ең жоғары жылдық көрсеткіш», — деп қосты ол.

Кажыр «Жергілікті даму бастамасы» тұжырымдамасы аясында Түркия өз аймақтық байлықтарын құжаттандыруға, қорғауға және насихаттауға жұмысты жалғастыра беретінін атап өтті.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»