САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Мьянмадағы жер сілкінісі мешіттерді қиратты, жүздеген мұсылманның өміріне алаңдаушылық туды
Мьянма билігі ондаған жыл бойы мұсылмандарға жаңа мешіт салуға немесе бар мешіттерді жаңартуға рұқсат бемей отыр.
Мьянмадағы жер сілкінісі мешіттерді қиратты, жүздеген мұсылманның өміріне алаңдаушылық туды
/ Reuters
 

 Жұма күні Мьянманың орталығында болған қуатты жер сілкінісі кезінде Хтет Мин У Рамазан намазына дайындалып, үйінің жанындағы мешітте дәрет алып жатқан еді.

Оның үйі мешіттің бір бөлігімен бірге құлап, қабырғаның қирандылары оның денесінің жартысын басып қалды. Сол қирандылардың астында оның екі тәтесі де қалып қойды.

«Тұрғындар тәтелерімді құтқаруға асықты, бірақ тек біреуі ғана аман қалды», деді ол.

25 жастағы Хтет Мин У екі ағасы мен әжесінің де бетон үйінділерінің астында қалғанын айтты. Ауыр техника болмағандықтан, ол қирандыларды қолымен тазартуға тырысты, бірақ ештеңе істей алмады.

«Олар әлі тірі ме, білмеймін. Осынша уақыт өтті, енді үміт жоқ деп ойлаймын», – деді ол жұма күні.

«Қирандылар тым көп, ал бізге құтқару топтары әлі келген жоқ», – деді дауысы дірілдеп, көз жасына ерік беріп. Жүздеген мұсылман қаза тапты деген қауіп бар, себебі жер сілкінісі қасиетті айда жұма намазына жиналған кезде болды.

Ұлттық Бірлік Үкіметінің мәліметінше, 50-ден астам мешітке зақым келген.

Артта қалғандар

Мандалай аймағының 39 жастағы тұрғыны Суле Кон ауылындағы құлаған мешіттің қирандылары астында қалған адамды құтқаруға тырысқанын, бірақ күшті жер асты дүмпулерінен қашуға мәжбүр болғанын айтты.

«Мен оны артта қалдыруға мәжбүр болдым... Екінші рет оны құтқаруға тырыстым», – деді ол аты-жөнін айтудан бас тартып.

Ол «Мен өз қолыммен төрт адамды шығардым. Бірақ өкінішке қарай үшеуі қайтыс болған еді, ал біреуі менің қолымда жан тапсырды» деді.

Оның айтуынша ауылда үш мешіт құлап, 23 адам қаза тапқан, тек өз аймағында 10 адам көз жұмған.

Ол үкіметтің шектеулері салдарынан мешіттердің жаңартылуына рұқсат берілмегенін атап көрсетті.

Мьянма мұсылмандарына қысым

Мұсылмандар негізінен буддистік Мьянмада азшылық болып табылады және оларды бірінен соң бірі келген үкіметтер шеттетіп отырды. Соңғы жылдары ұлтшыл топтар мен экстремист монахтардың зорлық-зомбылығына ұшырады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2017 жылғы баяндамасына сәйкес, Мьянма билігі мұсылмандарға мешіттерді жөндеуге немесе жаңасын салуға рұқсат беруді қиындатқан. Тарихи мешіттерге күтім жасауға рұқсат берілмегендіктен, олардың жағдайы нашарлаған.

Жер сілкінісінен буддистік ғимараттар да қатты зардап шекті. Әскери үкіметтің мәліметінше, 670 монастырь мен 290 пагодаға зақым келген. Алайда олар өз баяндамаларында мешіттер туралы ештеңе айтпады.

Джулиан Кайл есімді бір адам әлеуметтік желіде бетон бағандарды көтеру үшін ауыр техника сұрады.

-Қирандылардың астында менің отбасы мүшелерім мен басқалар жаншылып, қаза тапты, – деп жазды ол, - Біз олардың денелерін шығарып алғымыз келеді.

Таунгну қаласының тұрғыны шамамен 370 км қашықтықтағы Кандау мешітінің бір жағы намаз оқып отырған екі қатар ер адамдарның үстіне  құлағанын айтты.

-Мен мешіттен көптеген адамды шығарғанын көрдім, олардың кейбіреулері менің көз алдымда қайтыс болды, – деді ол - Бұл өте қайғылы.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»