ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Ал Израиль полициясы мұсылмандардың бұл аумаққа кіруіне кедергі келтіріп отыр.
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді

Иерусалим әкімшілігінің мәлімдемесінде радикал израильдіктердің Израиль полициясының қорғауымен Әл-Ақса мешітіне басып кіргені айтылды.

Израиль полициясы радикал топтардың бір мезетте 150 адамға дейін кіруіне рұқсат бергеннен кейін Әл-Ақсаға басып кірген израильдіктер саны 1300-ден асқаны хабарланды. Cондай-ақ олардың мешітке келуі әлі де жалғасып жатқаны атап өтілді.

Израиль полициясы Әл-Ақса мешітінің қақпалары мен Ескі қала маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, мұсылмандардың құлшылық ету үшін мешітке кіруіне кедергі келтірген.

Мәлімдемеде таң намазы кезінде мешітке өте аз мұсылманның кіре алғаны, сондай-ақ Израиль полициясының мұсылмандарды соққыға жыққаны айтылды.

Әл-Ақса мешітінің ауласында Израиль күштері көптеп орналастырылғаны хабарланды.

Сондай-ақ радикал израильдіктердің мешіт ауласында діни рәсімдер өткізгені, бес мың адам жинау мақсатымен Әл-Ақсаға жаппай басып кіруге шақырғаны мәлімделді.

Басып кіруге премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясынан депутат Амит Халеви де қатысқан.

Палестина жерлерін заңсыз иемденген израильдік топтар еврейлердің Тиша бе-Ав діни күніне байланысты Әл-Ақса мешітіне жаппай басып кіруге шақырған еді.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды