САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Черногория түрік туристер үшін визалық талапты алып тастайды
Черногория Сыртқы істер министрі Ибрагимович: «Түркия азаматтарына виза жеңілдігі туралы шешімнің 10–15 күн ішінде қайта күшіне енетініне сенемін», -  деді.
Черногория түрік туристер үшін визалық талапты алып тастайды
Черногория түрік туристер үшін визалық талапты алып тастайды / Reuters
 

Черногория Сыртқы істер министрі Эрвин Ибрагимович Түркияға виза жеңілдігі туралы шешімнің 10–15 күн ішінде қайта күшіне енетініне сенетінін айтты. Ресми сапармен Черногорияда жүрген Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефульмен дүйсенбі күні ел астанасы Подгорицада өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында сұраққа жауап берген Ибрагимович: «Біз Премьер-министр (Милойко Спайич) мырзамен тұрақты байланыстамыз. Түркия азаматтарының визасыз жүруіне мүмкіндік беретін шешім 10–15 күн ішінде кері қайтарылады деп сенемін», - деді.

Министрдің айтуынша, визасыз жүру келісімінің уақытша тоқтатылуынан кейін Түркияның Черногориядағы дипломатиялық өкілдіктеріне келушілер күрт көбейген.

25 қазанда бір черногориялық азаматқа шабуыл жасалып, жергілікті БАҚ бұл іске түрік азаматтарының қатысы бар деген ақпарат таратқан болатын. Бұл жағдай Подгорицаның кейбір аудандарында түріктерге қарсы наразылықтың өршуіне себеп болды.  Премьер-министр Милойко Спайич түрік азаматтарына арналған визасыз режимді уақытша тоқтату жөнінде мәлімдеме жасаған еді.

Черногория Жоғарғы соты 31 қазанда болған пышақтау оқиғасына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған екі адамның бұл іске байланысы жоқ екендігі анықталған соң босатылғанын хабарлады.

 

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»