ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Анкарада Түркі мемлекеттерінің форумы өтуде
Түркияның астанасы Анкарада түркі әлемінің медиа және коммуникация саласының мамандары бас қосқан маңызды іс-шара өтуде.
Анкарада Түркі мемлекеттерінің форумы өтуде
Анкарада Түркі мемлекеттерінің жалған ақпаратпен күрес форумы өтуде / TRT Global

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы ұйымдастырған Түркі мемлекеттерінің жалған ақпаратпен күрес форумы мүше елдер арасында ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және манипуляциялық науқандарға қарсы ортақ ұстаным қалыптастыру мақсатында өз жұмысын бастады.

Форумға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан министр орынбасарлары, медиа компаниялардың басшылары, ғалымдар мен журналистер қатысуда. Іс-шараның негізгі мақсаты ˗ түркі мемлекеттері арасында тиімді коммуникациялық платформа құру, тәжірибе алмасуды арттыру және жалған ақпаратпен күресте ынтымақтастықты кеңейту.

«Коммуникация саласында күшімізді біріктіреміз»

Форумның ашылу салтанатында сөз алған Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы Бурханеттин Дуран жалған ақпарат тек ақпараттың мазмұнының өзгеруі ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты нысанаға алатын стратегиялық қауіп екенін атап өтті. Дуран: «Біз коммуникация саласында күшімізді одан әрі нығайтамыз. Түркі мемлекеттері «Тілде, пікірде және істе бірлік!» ұранымен әрекет етуі керек», - деді. Сондай-ақ жалған ақпаратпен күрестің «Түркі әлемі 2040 көзқарасында» және «2025 ақпарат жоспарында» да қамтылуы бұл мәселенің маңыздылығын көрсететінін атап өтті.

Ақиқатқа қарсы жаһандық қауіп

Дуран жалған ақпараттың халықаралық құралға айналғанын айтып, әсіресе энергетика, қорғаныс және көлік сияқты стратегиялық жобаларға қарсы жүргізілетін жүйелі науқандарға назар аударды. Ол Екінші Қарабақ соғысы кезінде Әзербайжанға қарсы таратылған ақпараттарды мысалға келтіріп, шындықтың әдейі бұрмалануын «сананы күйрететін апат» деп атады. Ал Әзербайжанның Медиа дамуды қолдау агенттігінің төрағасы Ахмет Исмайлов жалған ақпараттың ортақ мәселе екенін атап өтіп, онымен күрестің басты жолы қоғамның төзімділігін арттыру және кәсіби медиа этиканы нығайту екенін жеткізді.

Форум түркі әлемінің ортақ болашағына қауіп төндіретін ақпараттық операцияларға қарсы неғұрлым берік «көк күмбез» қалыптастыруға бағытталған табанды ұстаныммен жұмысын жалғастыруда.

Іздеу
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түрік тілінің деңгейін анықтау емтиханына (TYS) өтінім қабылдау басталады
Сабиха Гөкчен әуежайы 2026 жылдың алғашқы жартысында Еуропаның ірі әуежайларын басып озды
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті