САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Газа секторында соңғы 24 сағат ішінде төртеуі бала, барлығы 15 палестиналық аштықтан көз жұмды
Соңғы деректерге қарағанда, жеткіліксіз тамақтану салдарынан қаза тапқандардың саны 101-ге жетті.
Газа секторында соңғы 24 сағат ішінде төртеуі бала, барлығы 15 палестиналық аштықтан көз жұмды
/ Reuters

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сейсенбі күні қоршаудағы аймақта соңғы 24 сағат ішінде, төртеуі бала, кем дегенде он бес адамның жеткіліксіз тамақтану мен аштықтан қайтыс болғанын хабарлады.

Соңғы қайғылы оқиғалармен қоса, 2023 жылдың қазан айынан бері аштық пен жеткіліксіз тамақтану салдарынан көз жұмғандар саны 101 адамға жетті. Олардың 80-і – балалар.

Өткен апта бойы палестиналық белсенділер аштықтан көшеде есінен танып қалған адамдар туралы дәлелдер ұсынды. Газа секторында жұмыс істейтін тілшілер де осындай жағдайларға куә болғандарын және өздері де аштықтың әсерін сезгендерін растады.

2 наурыздан бері Израиль Газа секторына барлық өткелдерді жауып, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойды.

Газа секторындағы Үкіметтің Ақпараттық кеңсесінің дерегінше, шамамен 650 мың бала аштық пен жеткіліксіз тамақтану салдарынан өлім қаупінде тұр. Сондай-ақ шамамен 60 мың жүкті әйел азық-түлік пен негізгі медициналық көмектің жетіспеуі салдарынан ауыр жағдайда.

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль Газа секторында көбі әйелдер мен балалар, барлығы 59 мыңнан астам палестиналықты өлтірді. Әскери шабуылдар аймақты қиратып, денсаулық сақтау жүйесінің күйреуіне және ауыр азық-түлік тапшылығына себеп болды.

 

Іздеу
Президент Ердоған құрбан айтқа орай бейнеүндеу жариялады
АҚШ Иранның оңтүстігіндегі нысандарға соққы берді
Израиль Газадағы босқын лагеріне шабуыл жасады
Ресей шетел азаматтары мен дипломаттарды Киевтен кетуге шақырды
Әлемдегі ең ірі «Нөлдік қалдық» форумы Стамбулда өтеді
Президент Ердоған Африка күнімен құттықтады
Екі миллионға жуық мұсылман қажылық сапарын бастады
Ұлыбритания Қорғаныс министрінің ұшағына кедергі келтірілді
Изник  ̶  шетелдік туроператорлардың жаңа бағыттарының бірі
Сыртқы істер министрлігі Африка күніне байланысты мәлімдеме жасады
Трамп: «Иранмен келіссөздер нәтижелі өтуде»
Израиль күштері құрбан айт қарсаңында Батыс Шерияның оңтүстігіне рейд жүргізді
Ахалкалаки-Карс теміржол желісі ашылды
Президент Ердоғаннан телефон дипломатиясы
Франция Израиль министрі Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салды