САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Түркия Сирияның Сувейда аймағындағы дағдарысты шешу жол картасын құптады
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Сувейда жоспарының аймақта тыныштықты сақтауды, тұрақтылық орнатуды және қақтығыстарға жол бермеуді мақсат ететінін мәлімдеді.
Түркия Сирияның Сувейда аймағындағы дағдарысты шешу жол картасын құптады
Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, жоспар тыныштықты сақтауға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаңа қақтығыстардың алдын алуға бағытталған. / AA

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда уәлаятындағы дағдарысты шешу үшін Сирия, Иордания және АҚШ арасында келісілген жол картасын құптады.

Министрлік сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде: «Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда уәлаятында тыныштықтың сақталуы, тұрақтылықтың орнауы және қақтығыстардың қайталанбауы үшін жарияланған жол картасын құптаймыз», – деп атап өтті.

Cондай-ақ мәлімдемеде Түркияның жер тұтастығы, бірлігі мен егемендігіне құрмет қағидалары аясында Сириядағы барлық қауымдастықтардың бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылық ішінде өмір сүруіне бағытталған күш-жігерді қолдауды жалғастыратыны айтылды.

Сирия Сыртқы істер министрі Асад әл-Шайбани сейсенбі күні Дамаскіде Иордания Сыртқы істер министрі Эймен Сафади және АҚШ-тың Сирия жөніндегі арнайы өкілі Том Барракпен келіссөз өткізіп, жеті тармақтан тұратын жол картасын жариялады.

Әл-Шайбани баспасөз мәслихатында жоспардың Сувейдаға үздіксіз гуманитарлық және медициналық көмек көрсетуді, негізгі қызметтерді қалпына келтіруді, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қозғалысты жеңілдету үшін жергілікті қауіпсіздік күштерін орналастыруды қамтитынын айтты.

Сондай-ақ жәбірленушілерге өтемақы төлеу, қонысынан айырылған адамдардың оралуына рұқсат ету, жоғалғандарды айқындау, уәлаяттағы барлық қауымдастық арасында ымыра үдерісін бастау және «бейбіт тұрғындар мен жеке меншікке жасалған шабуылдарға қатысы бар кез келген адамның жауапқа тартылу мәселелері қарастырылады.

Сейсенбі күні қабылданған бұл қадам Сувейдада бітім орнату және қақтығысқа саяси шешім табуға бағытталған шілде-тамыз айларында Иорданияда өткен келіссөздердің жалғасы болды.

Сувейдада бәдәуилер мен дүрзі топтары арасында бір аптаға созылған қарулы қақтығыстардан кейін 19 шілдеде енгізілген бітім Израильдің әскери шабуылдарының ықпалымен әлі де күн тәртібінде.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті