САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Маск Трамппен жанжалдасқаннан кейін «Dragon» ғарыш кемесінің қызметін тоқтатты
Трамп бұған дейін «Масктың субсидиялары мен келісімшарттарын тоқтатамын» деп қорқытқан болатын.
Маск Трамппен жанжалдасқаннан кейін «Dragon» ғарыш кемесінің қызметін тоқтатты
/ Reuters

«SpaceX»-тің шамамен 22 миллиард долларды құрайтын мемлекеттік келісім-шарттарына қауіп төніп тұр. АҚШ-тың бірнеше ғарыштық бағдарламасы Илон Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы келіспеушілікке байланысты өзгеріске тап болуы мүмкін.

Трамп бейсенбі күні сөйлеген сөзінде Маскқа қарсы шықты. Дау тез арада ұрыс пен хаосқа ұласты. Маск «Х» желісінде бірнеше жазба жариялады, ал Трамп «Маскқа тиесілі компаниялармен жасалған мемлекеттік келісімшарттарды бұзамын» деп қорқытты. Ал Маск «Dragon» ғарыш кемесінің қызметін дереу тоқтатамын» деп жауап берді.

«SpaceX» компаниясының «Dragon» капсуласы - ғарышкерлерді АҚШ-тың Халықаралық ғарыш станциясына апара алатын жалғыз ғарыш кемесі. «NASA» «SpaceX»-пен 5 миллиард долларлық келісімшарт аясында 2020 жылдан бастап ғарыш кемесін қолдануда және бұл Масктың ғарыш компаниясын АҚШ-тың ғарыш бағдарламасының басты элементіне айналдырған келісімдердің бірі.

Масктың мәлімдемесінен кейін «NASA» баспасөз хатшысы Бетани Стивенс «X» желісіндегі мәлімдемесінде «Мемлекеттік ғарыш агенттігі президенттің ғарыш жоспарын жүзеге асыруды жалғастырады», - деп мәлімдеді.

Интернет провайдері істен шығады

Бұл дау-дамай бұрынғы сатып алу әрекеттеріне араласқан Трамптың Маскты жазалауға қаншалықты дайын екендігін көрсетеді. Президент «NASA» мен Пентагонның АҚШ-тың ғарыштағы мәртебесін сақтау үшін маңызды деп санайтын миллиардтаған долларлық «SpaceX» келісімшартын саяси кек алу үшін пайдалана ма?» деген сұрақ туындайды.

«SpaceX» «NASA»-дан 15 миллиард долларлық келісімшарт алды. Себебі агенттік «Dragon» кемесіне сенеді. Өзінің ғылыми жүктемелері мен ғарыш кемелерінің көпшілігін компанияның «Falcon 9» зымыранына бағыттайды және алдағы онжылдықта «NASA» ғарышкерлерін Айға қондыратын «SpaceX Starship» кемесін дамыту үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Пентагонда «SpaceX»-тің зымыран ұшыруы ұлттық қауіпсіздік спутниктерін ғарышқа жіберу үшін өте маңызды. «SpaceX» әскери спутниктік бөлімі АҚШ-тың барлау басқармасы үшін орбитада үлкен тыңшы шоқжұлдызын құруда.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды