ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия COP31 саммитін өткізуге және Газаны қалпына келтіруге көмектесуге дайын
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған G20 саммитінде «Біз әрқашан болғандай, Палестина халқының жанында болуға дайынбыз», - деді.
Түркия COP31 саммитін өткізуге және Газаны қалпына келтіруге көмектесуге дайын
Түркия COP31 саммитін өткізуге және Газаны қалпына келтіруге көмектесуге дайын / Anadolu Agency
 

Түркия келесі жылғы БҰҰ климат өзгерісі конференциясы COP31-ді өткізуге дайын екенін білдірді. Президент бұл туралы Йоханнесбургтегі G20 саммитінде көшбасшыларға мәлімдеді.

Австралия жыл сайын өтетін шараны өткізуге үміткерліктен бас тартқаннан кейін Түркия келесі жылғы COP31 климат саммитін Жерорта теңізінің жағасындағы Анталия қаласында ұйымдастыратын болды.

Ердоған сенбі күні Түркияның энергетикалық мақсаттарына тоқталып, 2035 жылға дейін күн және жел энергиясы қуатын төрт есе көбейтуді жоспарлап отырғанын, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздерінің биылғы жылы энергетика құрамындағы үлесі 60 пайыздан асқанын айтты.

Ердоған Газаға байланысты келісілген атысты тоқтату бітімінің әлемдік тұрақтылық үшін маңызды екенін баса айтты.

«БҰҰ деректеріне сәйкес, Израиль келтірген зардаптар Палестинаның даму әрекеттерін 70 жылға артқа шегерді», — деді ол.

Ердоған Түркияның тұрақты бітімге қолдау көрсетуді және Палестина анклавының қалпына келтірілуіне үлес қосуды жалғастыратынын білдірді.

«Біз Палестина халқының жанында болуды жалғастырамыз», — деді ол.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»