Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Каспий құбыр консорциумы Украина мен Ресей арасындағы соғыс аясында жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан кейін мұнай тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатты.
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Қазақстан, Атырау қаласының маңындағы Каспий құбыр консорциумының жаңа сорғы станциясы. 12 қазан 2017 жыл.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде Либерия туымен жүзетін “ASIA” және Маршалл аралдарының туымен тіркелген “NISSOS IOS” мұнай танкерлері Қаратеңіздегі консорциум терминалының маңында тұрған кезде ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырағанын хабарлады.

Консорциумның мәліметінше, шабуылдан кейін мұнай тиеу операциялары тоқтатылды.

КҚК оқиға салдарынан адам шығыны мен мұнайдың теңізге төгілуі тіркелмегенін мәлімдеді. Сонымен қатар “ASIA”  танкерінде өрт шыққаны, алайда төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрттің сөндірілгені хабарланды.

Консорциум бұл оқиғаны халықаралық құқықпен қорғалатын азаматтық нысанға жасалған бесінші «тікелей шабуыл» деп атап, оны қатаң айыптады.

Мәлімдемеде:

«Каспий құбыр консорциумы Ресей, АҚШ, Қазақстан және Батыс Еуропаның бірнеше елінің жетекші отын-энергетика компанияларын біріктіреді. Компания нысаны мен КҚК теңіз терминалындағы азаматтық кемелерге жасалған шабуыл консорциумға мүше мемлекеттердің мүдделеріне де жасалған шабуыл саналады», – делінген.

Консорциумға санкция салынбаған

Консорциум өз қызметіне ешқашан халықаралық санкциялар қолданылмағанын атап өтті. Бұл оның жаһандық энергетикалық қауіпсіздік пен халықаралық акционерлердің мүдделері үшін маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

КҚК Қазақстандағы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндірілетін шикі мұнайды тасымалдайды.

Консорциумның мәліметінше, 2025 жылы шамамен 70,5 миллион метрлік тонна мұнай жөнелтілген, оның 75 пайыздан астамы шетелдік өндірушілерге тиесілі болған.

Бұған дейін Украина Қарулы күштері Бас штабы Қаратеңізде Ресейдің мұнайы, мұнай өнімдері мен жанармайын тасымалдаған екі танкерге шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Іздеу
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»