Әзербайжан президенті Әлиев Түркияның Әділет министрін қабылдады
Кездесуде Түркия мен Әзербайжан арасындағы бауырластық пен одақтастыққа негізделген қарым-қатынастардың барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.
Әзербайжан президенті Әлиев Түркияның Әділет министрін қабылдады
Әзербайжан президенті Түркияның Әділет министрін қабылдады

Әзербайжан президент аппаратының хабарлауынша, Бакуге іссапармен барған Әділет министрі Акын Гүрлекті президент Ильхам Әлиев қабылдады.

Гүрлек президент Әлиевке Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді. Президент Әлиев Ердоғанға ризашылығын білдірді.

Гүрлек ортақ тарих, мәдениет және бауырластық байланыстарға негізделген Түркия-Әзербайжан қатынастары екі ел көшбасшылары арасындағы жылы әрі сенімді байланыстардың арқасында күн сайын нығая түскенін айтты.

Сондай-ақ ол президент Әлиевтің басшылығымен Әзербайжанның даму үстінде екенін атап өтіп, ел экономикасының ілгерілеуіне, халықаралық беделінің артуына және Қарабақта қол жеткізілген тарихи жеңіске назар аударды.

«Түркия алдағы уақытта Әзербайжанға қолдау көрсетуді жалғастырады»

Гүрлек Әзербайжанның өңірдегі энергетика, көлік және байланыс жобалары, сондай-ақ Зеңгезур дәлізі сияқты стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтіп, Түркияның алдағы уақытта да Әзербайжанға қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Тараптар екі елдің әділет министрліктері арасындағы тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іздеу
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды