Қазақстанда өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Қазақстанда өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Қазақстанда өткен оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Қазақстанның Каспий теңізі жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметкерді теңіз ағызып алып кеткен. Олардың 9-ы қаза тауып, 7-еуі із-түзсіз жоғалды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елдің Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің жағалауында оқу-жаттығу өткізген.

Жаттығу барысында оқу-жауынгерлік тапсырма орындалып жатқан кезде ауа райы кенеттен бұзылып, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметкер теңізге ағып кеткен.

Оқиға салдарынан 9 әскери қызметкер қаза тауып, 3-еуі құтқарылды. Із-түзсіз жоғалған 7 әскери қызметкерді іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына тиісті бөлімшелер жіберілді.

Оқиғаның мән-жайын толық анықтау және іздеу-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың аймаққа барғаны хабарланды.

Оқиғаға байланысты тергеу басталды

Қазақстан Бас прокуратурасы әскери қызметкерлер қаза тапқан оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ қажетті тексеру шаралары жүргізіліп, сот сарапшылары тағайындалғаны айтылды.

Іздеу
Түрік үйінде Түркия–Сирия–Сауд Арабиясы кездесуі өтті
Президент Нью-Йоркте екіжақты кездесулер өткізді
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Президент Ердоғанның БҰҰ мінберіндегі мәлімдемесі әлемнің назарын аударды
Франция президенті Макрон Газадағы жағдайдың баршаға ұят екенін айтты
"Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына қатысты ұсыныс жасады"
Түркия мен АҚШ  ядролық энергетика саласында жаңа келісімге қол қойды
Косово премьер-министрі президент Ердоғанға алғыс айтты
БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа баратын Нетаньяху сапарын бір күндік етіп жоспарлады
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
«Түрік әскери-теңіз күштерінің қуаты Израильді жаңа сүңгуір қайық сатып алуға мәжбүрлеп отыр»
Ирак премьер-министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы кездесті
Франция Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі»